“Адал ұстаз” қалалық конкурсы » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
январь
2024

“Адал ұстаз” қалалық конкурсы

12 қаңтар күні Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның базасында Алматы қаласы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында өткен “Адал ұстаз” қалалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Байқауды Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұйымдастырды. Аталған байқауға қаламыздың 8 ауданынан 24 қатысушы- ұстаздар бақтарын сынады. Жеңімпаздарға “Ұстаз” жергілікті кәсіптік одағының Алматы қаласы филиалы төрағасы Байгуттинов Серикжан Кадралинович құттықтап, ақшалай сыйлықтарды табыс етті. Қалалық байқауға мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы қатысып, жүлделі ІІІ 🥉орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!👏