10
декабрь
2023
“Адал ұстаз” байқауының аудандық кезең
30 қараша күні №72 жалпы білім беретін мектептің базасында қалалық “Адал ұстаз” байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Байқауға ауданымыздың орта білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Байқауда ұстаздар “Педагогикалық адалдық - кәсіби абырой” тақырыбында таныстырылым қорғады. Оның алдында осы байқаудың “Адал ұстаз. Заманауи ұстаз бейнесі” тақырыбында эссе жазу кезеңі №1 мектеп-гимназия базасында өткен болатын. Аталған байқауға мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы қатысып, жүлделі ІІ 🥈 орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай келе, қалалық кезеңде өтетін байқауда сәттілік тілейміз.