13
февраль
2021
Адал ұрпақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты орта сынып оқушылар арасында офлайн өткізілген іс-шараның анықтамасы
Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы №337 хатына сәйкес жасөспірімді тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Алматы қаласы, Әуезов ауданы №72 ЖББМ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты орта сынып оқушылар арасында офлайн іс-шара өтті. Офлайн жұмыс барысында оқушыларға жемқорлық жайлы мәліметтер, оның алдын алу және жас ұрпақ жемқорлықпен күресуде қандай үлес қоса алатындығы айтылды.


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында талдау жүргізіліп, әр оқушы еліміздің азаматы ретінде жемқорлықпен күресуге мүмкін жағдайлармен бөлісті. Офлайн іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Едилова А.Т. қатысты.

