Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Русский медвежонок—языкознание для всех
03
май
2021
Русский медвежонок—языкознание для всех
"Дарын" интеллектуалды орталығының ұйымдастыруымен өткен 3-11 сынып оқушылары арасында орыс тілінен "Русский медвежонок—языкознание для всех" атты Халықаралық конкурсында жүлделі орындарға ие болған мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз. Конкурсқа дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балмухамбетова Гульмира Кабулбековнаға алғысымызды білдіреміз.  #русскиймедвежонок  #конкурс #72мектеп
ЖАС МАТЕМАТИК—YOUNG MATHEMATICIAN
01
май
2021
ЖАС МАТЕМАТИК—YOUNG MATHEMATICIAN
"Білім шыңы" қоғамдық бірлестігінің және Президенттік "Жас Ұлан" жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен "ЖАС МАТЕМАТИК—YOUNG MATHEMATICIAN" І-ші Республикалық зияткерлік олимпиадасында мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Нұржау Ақмерей жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай келе, олимпиадаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Оспанова Гулжазира Динисламовнаға алғысымызды білдіреміз.
Оқушы жетістігі
30
апрель
2021
Оқушы жетістігі
29 сәуір күні қашықтан zoom платформасында қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен "Бір ел—бір тағдыр" тақырыбында шығарма сайысы болып өтті. 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жоспарланған сайысқа мектебіміздің 7-10 сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде  Бас  жүлде: Ибраева Аруна (7 "А"); І орын:  Әлқожа Алима (9 "А") және Айдынқызы Айгерім (10 "А"); ІІ орын:  Ибараева Амира (10 "Б") және Писамбаева Аружан (8 "А"); ІІІ орын:  Тұрғынбекова Тоғжан (9
Оқушы жетістігі
25
апрель
2021
Оқушы жетістігі
Мектебіміздің жас әншісі, 5 "А" сынып оқушысы Бостан Нұрболат "Qazaq uly" тобының мүшесі. Аталған трио кеше ғана өткен Республикалық ән конкурсында 1 орынды иеленді және екі бейне баянға жолдама алды. Жуырда "7 TV" арнасынан көре аласыздар. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушы жетістігі
24
март
2021
Оқушы жетістігі
Ұлыстың ұлы күні —Наурыз  мейрамына орай Ықылас атындағы халық аспаптар музейінде ұйымдастырылған "Топжарған" зияткерлік сайысында мектебіміздің 9 "А"  сынып оқушысы Реметова Шынар "Бас жүлдені" және Реметова Шырын жүлделі І орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, сайысқа дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлына алғысымызды білдіреміз.
Ұстаз бен оқушы жетістігі
23
март
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
"ІНЖУ-МАРЖАН" атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық дәстүрлі өнер байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша І орын жүлдегері, мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.
Оқушы жетістігі
18
март
2021
Оқушы жетістігі
Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайының @dvorec_almaty  ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық "Ақ мамам" атты ән байқауында мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Бостан Нұрболат жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, бұданда биік белестерді бағындырсын демекпіз.
Ұстаз бен оқушы жетістігі
17
март
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының @almatydaryny ұйымдастыруымен өткен "Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар" атты Мұқағали Мақатаев оқуларының І орын жеңімпазы мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған ұстазы, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.
Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі
16
март
2021
Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі
"Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт—секунд сайын жаңарған ақпарат заманы".  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.  Мемлекет басшысы "Қандай кітап оқып жатырсыз?" челлендж-эстефетасын бастап, оны барша Отандастарға, әсіресе жастарға жолдайтынын жеткізген болатын. Осы орайда мектебімізде мектеп кітапханашысы Нуркешова Фарида Махмутовнаның ұйымдастыруымен кітап көрмесі болып өтті. Онда Президент ұсынған кітаптар қойылды.
СЫҢҒЫРЛА ҚОҢЫРАУ
04
март
2021
СЫҢҒЫРЛА ҚОҢЫРАУ
Бүгін онлайн оқудан штаттық режимге көшіп, алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларынын 11 сынып оқушылары құрметпен қарсы алды.
📢ХАБАРЛАНДЫРУ!
03
март
2021
📢ХАБАРЛАНДЫРУ!
📢ХАБАРЛАНДЫРУ! Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 24 маусым 2020 жылғы №264 бұйрығындағы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес Бастауыш, негізі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамыз аралығында жүзеге асатынын естеріңізге саламыз.  Толығырақ
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
01
март
2021
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
"Білім шыңы" қоғамдық ұйымы мен Президенттік "Жасұлан" Жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен " ALTYN URAQ" зияткерлік олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленген мектебіміздің 5 "А" сынып оқушылары Нұржау Ақмерей мен Нұрымжанқызы Әминаны шын жүректен құттықтаймыз. Зияткерлік олимпиадаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Әлдібек Толқын Жұмашқызына алғысымызды білдіреміз.