Даналық мектебі: “Ана махаббаты-мәңгілік шамшырақ” атты “Аналар мектебі” іс-шара
Даналық мектебі: “Ана махаббаты-мәңгілік шамшырақ” атты
“Аналар мектебі” іс-шараның анықтамасы
Аналар мектебі – отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын арттыруға, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған біртұтас тәрбие жүйесінің маңызды бөлігі. Ана мен бала арасындағы байланысты күшейте отырып, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды насихаттау. Балаларды дұрыс тәрбиелеуде аналардың рөлін арттыру. Психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қолдау көрсету.
Осы орайда 14 ақпан күні аясында мектебіміздің 3-4 сыныптарының аналарының қатысуымен «Ана махаббаты-мәңгілік шамшырақ» атты ашық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: «Ана махаббаты – мәңгілік шамшырақ» атты ашық іс-шарасы аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін дәріптеу, оларды құрметтеу және мейірімділік пен сүйіспеншілік құндылықтарын насихаттауға бағытталды. Іс-шара барысында аналарға деген алғыс сезімін білдіру, олардың қоғамдағы орнын айшықтау мақсатында түрлі көріністер, өлеңдер мен әндер орындалды. Іс-шараға оқушылар, ата-аналар, ұстаздар және қонақтар қатысты. Аналарға арнайы құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі жоғары бағаланды.


Аналарымыз іс-шараға белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, ою ойып, одан сырмақ басып көптеген қызықты тапсырмаларды орындады. Үйден әзірлеген ұлттық тағамдармен таныстырып, қонақтарға ұсынды.

Бұл іс-шара барысында оқушылардың ата-анасына, әсіресе анасына деген құрметі байқалды, отбасылық құндылықтар насихатталды, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері артты.
«Ана махаббаты – мәңгілік шамшырақ» атты іс-шара аналарға деген шексіз махаббат пен құрметті білдіруге арналған жылы әрі әсерлі кездесу болды. Барлық қатысушылар үлкен қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.