«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты мерекелік іс- шара
Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның анықтамасы
2024 жыл 13 желтоқсан күні №72 жалпы білім беретін мектептің 10А және 3А сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру, Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға баулу мақсатында «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты мерекелік іс- шара жоғары деңгейде өтті. Талантты оқушыларымыздың жетістігін паш ету. Жасөспірімдерді Отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу мақсатында аудандық сайыстарға қатысып жүлделі орындар алған оқушылар арнайы марапатталды.


5сынып оқушылары Республикалык бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып: «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай орындауға ант берді. Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде АНТ қабылдады.


Азаттық – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы аңсауы болған, қазіргі уақытта кейінгі ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең екенін түсіндіре отырып, Тәуелсіздіктің таңбасы таста жазылып, қаны қара жердің тамырына сіңген. Тәуелсіздік күні – мемлекеттің ең басты ұлттық мерекесі, басты құндылығы.