«Отанның мақтанышы - айбынды жауынгерлер» көрмесі
«Отанның мақтанышы - айбынды жауынгерлер» көрмесінің анықтамасы
Оқушыларға екінші дүние жүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға екенін түсіндіре отырып,батырларымыздың өмірі мен ерліктері туралы түсінік беру. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Отанның мақтанышы - айбынды жауынгерлер» тақырыбында кітап көрмесіұйымдастырылды. Көрмеге библиографиялық шолу.
Көрмеде Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың, Кеңес Одағының Батыры, бірінші Қорғаныс министрі Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың, Халық қаһармандары Тілеуғали Әбдібеков және Хиуаз Доспанованың фотосуреттері мен кітаптары қойылған.
Басты мақсатымыз – оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын ояту, Ұлы Отан соғысы майданында соғысқан қазақстандық жауынгерлер туралы әңгімелеу. Олардың ерліктеріне тағзым ету, – деді мектеп кітапханашысы.
Көрменің жұмысы биылғы жылдың мамыр айына дейін жалғасады.
