“Үнемді тұтыну”
“Үнемді тұтыну”
Үнемді тұтынудың маңыздылығы Табиғи ресурстар дегеніміз не? Табиғи ресурстар - бұл табиғаттан алынатын және адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылатын материалдар мен энергия көздері. Мысалы: минералдар, су, ауа, топырақ, ормандар және жануарлар әлемі. Табиғи ресурстар жаңартылатын және жаңартылмайтын болып екіге бқлінеді. Жаңартылатын ресурстарға су, күн энергиясы және жел жатады, ал жаңартылмайтын ресурстарға мұнай, көмір және табиғи газ жатады. Табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану және қорғау экология және экономика үшін маңызды. Оларды үнемді пайдалану арқылы табиғатты сақтаймыз. Неліктен оларды үнемдеу керек? Табиғи ресурстар шектеулі. Суды, энергияны, тамақты дұрыс пайдаланбасақ, табиғатқа зиян тигіземіз және болашақ ұрпақ үшін табиғи байлықтарды сақтай алмаймыз

ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ

Үнемдеу маңыздылығы: Энергияны дұрыс пайдаланбау климат өзгерісіне алып келеді. Электр қуатын үнемдеу табиғатты сақтап, өмірімізді жақсартуға көмектеседі.
Жадынама: 1. Қажет емес кезде жарықты сөндіріңіз.
2. Теледидар, компьютерді күту режимінде қалдырмаңыз.
3. Энергияны үнемдейтін шамдар: Жарық шамдарын энергия үнемдейтін түріне ауыстырыңыз.
4.Табиғи жарық қолдану
5.Құрылғыларды электр тоғына қосылған күйінде қалдырмаңыз.
6. Артық қуат тұтынатын құрылғыларды пайдаланбаңыз немесе жаңартыңыз.