Материалы за 17.05.2021 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
Армандар аллеясына
17
май
2021
Армандар аллеясына
14 мамыр күні Grand Park сауда үйінде Әуезов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Dream way" іс-шарасы болып өтті. Іс-шараға мектебіміздің 11 "А" сынып оқушылары қатысып, "Армандар аллеясына" өз арман-тілектерін жазып, орналастырды. Бітіруші түлектеріміздің арман-тілектері орындалып, барлығына Мемлекеттік білім гранты нәсіп етсін.  #армандараллеясы #жастүлек2021 #72мектеп
Ұстаз жетістігі
17
май
2021
Ұстаз жетістігі
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған "Педагогикалық білім: тәжірибелер және теориялар" атты І республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы физика пәнінің мұғалімі Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы қатысып, жасаған баяндамасы үздік деп танылды. Оның "Нанотехнология— қазіргі заманауи физиканың жетістіктері" атты баяндамасы конференцияның мақалалар жинағында жарыққа шықты.