Тиімді оқыту - сапалы оқытудың маңызды факторы бола алады ма?" тақырыбында коучинг » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тиімді оқыту - сапалы оқытудың маңызды факторы бола алады ма?" тақырыбында коучинг
22
май
2020

Тиімді оқыту - сапалы оқытудың маңызды факторы бола алады ма?" тақырыбында коучинг

22 мамыр күні №72 жалпы білім беретін мектепте Zoom платформасында қашықтықтан "Тиімді оқыту - сапалы оқытудың маңызды факторы бола алады ма?" тақырыбында коучинг болып өтті. Коучингке Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласы филиалындағы мектеп көшбасшылары курсының тыңдаушылары мен мектептің педагогикалық ұжымы қатысты. Коучингты мектеп директоры, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Сариева Гүлзира Молдабайқызы өткізді. Коучингта тиімді оқу мен оқытудың тәсілдері, сезім органдарын оқу үшін пайдаланудың әдістері, сабақта оқытудың тәсілдері айтылды. Коучинг барысында мұғалімдер оқу мен оқытудың әдістері бейнеленген картинкаларды берілген нұсқаларға сәйкестендірді. Сонымен қатар әр мұғалім өз тәжірибелерінде қолданылатын бірнеше тәсілдерді атап айтты. Аталған коучинг өз мақсатына жетіп, әріптестер тарапынан кері байланыстар берілді. Коучингты жоғары деңгейде ұйымдастырған Гүлзира Молдабайқызына алғысымызды білдіреміз.