мектепте тәуелді мінез-құлықтың (лудомания, нашақорлық, онлайн ойындар) алдын алу бойынша жүргізілілген жұмыс
2024-2025 оқу жылында №72 жалпы білім беретін мектепте тәуелді мінез-құлықтың (лудомания, нашақорлық, онлайн ойындар) алдын алу бойынша жүргізілілген жұмыс анықтамасы
Мерзімі: қараша, 2024 жыл
Қатысты: 8-10 сыныптар
Оқу жылының қараша айында ДТІЖО Едилова А.Т., мектеп педагог-психологы Жолдасова Ж.М., мектеп мейірбикесі Сембаева А. Ұйымдастыруымен №4 қалалық емхана дәрігері Аппарбекова Эльмира Бексеитовамен кездесу өтті. Кездесу барысында дәрігер балаларға тәуелді мінез-құлық (лудомания, нашақорлық, интернет тәуелділік т.б.) онлайн ойындарға деген тәуелділік, лудоманияның денсаулықпен байланысы, психологиялық ерекшеліктері, нашақорлықтың денсаулыққа зияны, электронды темекінің құрамында да есірткі бар екенін, балаларға зиянын, тәуелділіктің тез келетіні жайлы ақпараттармен бөлісті. Алдын алу жолдарын қарастырды. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға шақырды.


Оқушылар дәрігерге сұрақтар қойып, өз ойымен бөлісті. Кездесу мақсатына жетті.
Мектеп педагог-психологы: Жолдасова Ж.М