Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұстаз аты—биік, әрі мәңгілік
01
октябрь
2021

Ұстаз аты—биік, әрі мәңгілік

     1 қазан күні мектебіміздің мәжіліс залында "Ұстаздар күні" мерекесі қарсаңында 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Ұстаз аты—биік, әрі мәңгілік" атты мерекелік концерт болып өтті. Салтанатты кешті мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы ашып, барлық ұстаздар қауымын төл мерекемен құттықтады және мереке қарсаңында өз саласында жетістіктерге жеткен марапат иелерін салтанатты түрде марапаттады. Олар: ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Құрмет грамотасымен" тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлы және Әуезов ауданы әкімінің "Құрмет грамотасына" ағылшын тілі пәні мұғалімі Сатылганова Эльмира Кабылбековна ие болды. Сонымен қатар мектебіміздің ардагер ұстаздары мен ЖОО бітіріп, биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған жас мамандарға, мерей той иелері мен оқу жылы барысында отбасы құрған мұғалімдерге мектебіміздің Кәсіподақ комитеті (төрайымы Г. К.  Балмухамбетова ) бағалы сыйлықтарын ұсынды. Құлақтан кіріп бойды алар әуезді ән мен көңілді би мерекелік кештің сәнін кіргізді. Мерекелік концертті жоғары деңгейде ұйымдастырған 11 сынып оқушылары мен олардың жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз. Мереке құтты болсын, аяулы ұстаздар!