Қазіргі заманауи сабақ қандай болу керек? » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазіргі заманауи сабақ қандай болу керек?
24
май
2020

Қазіргі заманауи сабақ қандай болу керек?

20 мамыр күні №72 жалпы білім беретін мектепте Zoom платформасында қашықтықтан "Қазіргі заманауи сабақ қандай болу керек?" тақырыбында коучинг болып өтті. Коучингқа Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласы филиалындағы мектеп көшбасшылары курсының тыңдаушылары (әр өңірдің мектеп директорлары) мен мектептің жас мамандары қатысты. Коучингты аталған курстың тыңдаушысы, мектеп директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызы @gulzira_moldabaykizi өткізді. Коучингтың басында "Табысты сабақ" дегенді қалай түсінесіз?" атты сұраққа жас мамандар өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар сабақты өтуде сабақ жоспарын (қысқа мерзімді жоспар) құрастыруды, сонымен қатар жоспарда құндылықтарға баулу, оқытудың 4 дағдылары мен тілдік дағдыларды байланыстыру туралы айтылды. Аталған коучинг өз мақсатына жетіп, ұстаздар тарапынан кері байланыстар берілді. Жас мамандардың іс-тәжірибесін арттыратын коучингты өткізген Гулзира Молдабайқызына алғысымызды білдіреміз.