Қолжазбалар—ғасырлар мұрасы » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2020

Қолжазбалар—ғасырлар мұрасы

18 қараша күні мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Игілік Қарақат 9 "А" сыныбымен "Қолжазбалар—ғасырлар мұрасы" атты Ғылым ордасындағы сирек кездесетін кітаптар музейіне виртуалды саяхат жасады. Zoom платформасында өткізілген іс-шараға мектеп мұғалімдері және оқушылар қатысты. Аталған виртуалды саяхатта пән мұғалімі ортағасырлық қолжазбаларды, адамзат өркениетіне өшпес із қалдырған ортағасырлық ғұламалардың діни, тарихи, әдеби шығармаларымен таныстырды. Мұражайда сақталған құнды жәдігерлер қатарына Қожа Ахмет Яссауидың "Диуани хикмет" (Даналық кітабы) шығармасының XVIII ғасырдағы қолжазба нұсқасы туралы айтып өтті. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, осы аталған мұражайға барғысы келетіндерін де тілге тиек етті. Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткізілген виртуалды саяхат өз деңгейінде өтті. Аталған шара қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің жоспарына сай ұйымдастырылған.