04
ноябрь
2020
Lesson Study әдісі арқылы мектептің білім сапасын көтере аламыз ба?
20 қараша күні мектебіміздің мәжіліс залында мектеп тренері, "педагог-зерттеуші" біліктілік санатындағы бастауыш сынып мұғалімі Шынгысова Айнур Куребаевнаның ұйымдастыруымен "Lesson Study әдісі арқылы мектептің білім сапасын көтере аламыз ба?" тақырыбында коучинг болып өтті. Коучинг сыйымдылығы 15 мұғалімнен аспайтын, арақашықтықты және барлық санитарлық жағдайларды сақтай отырып ұйымдастырылды. Коучингте жағдаяттық сұрақтар қойылып, ұстаздар өз ойларымен бөлісті. Коучинг барысында ұстаздар Lesson Study-ды SWOT талдауға салып, күшті-әлсіз, сәтті-сәтсіз және мүмкіндіктерін қарастырып, постер қорғады. Коучерге кері байланыстар берілді, ұсыныстар айтылды. Аталған коучингты жоғары деңгейде ұйымдастырған Айнур Куребаевнаға алғысымызды білдіреміз.