Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қашықтан оқыту кезінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану қаншалықты ұтымды?
21
декабрь
2020

Қашықтан оқыту кезінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану қаншалықты ұтымды?

20 желтоқсан күні №72 жалпы білім беретін мектепте zoom платформасында "Қашықтан оқыту кезінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану қаншалықты ұтымды?" тақырыбында коучинг болып өтті. Коучингты мектебіміздің озат тәжірибелі ұстазы, тарих пәнінің мұғалімі Несипакынова Фарида Канатовна жүргізді. Коучингке мектеп ұстаздарымен қатар Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарынан мектеп басшылары мен ұстаздары қатысты. Коучингте мектеп мұғалімдері 4 топқа бөліп, өздеріне берілген сұрақтар бойынша zoom-дағы сессиялық залдарда талқылады. Коучингте қашықтан оқыту жағдайында сабақтың кезеңдері бойынша интербелсенді әдістер-тәсілдер айтылды. Сонымен қатар, психологиялық тренингтер жасалды. Соңында әріптестер тарапынан сындарлы кері байланыстар берілді. Коучингты жоғары деңгейде өткізген Фарида Канатовнаға алғысымызды білдіреміз. 

Р.S:  аталған коучинг қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында өткізілді.