Мектепке сабақты зерттеу үдерісін қалай тиімді енгіземіз? » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепке сабақты зерттеу үдерісін қалай тиімді енгіземіз?
28
декабрь
2020

Мектепке сабақты зерттеу үдерісін қалай тиімді енгіземіз?

25 желтоқсан күні Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік  орталығының тыңдаушысы, мектебіміздің директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызының ұйымдастыруымен "Мектепке сабақты зерттеу үдерісін қалай тиімді енгіземіз?" тақырыбында коучинг болып өтті. Коучингте мектептегі "Сабақты зерттеу" үдерісін басқарудың маңыздылығы жайлы айтып өтілді. Диалог алаңында мектеп ұстаздары өз ойларын айтты. Аталған коучинг келесі күні жалғасын тауып, 26 желтоқсан күні "Іс-әрекеттегі зерттеудің сұрақтарын қалай құрастырамыз?" тақырыбында болып өтті. Коучингте іс-әрекетті зерттеудің түрлері, пәндер бойынша  зерттеу сабақтарында зерттеу сұрақтарын құрастыру алгоритмі туралы айтылды. Сонымен қатар ұйымда өзгерістер енгізудің деңгейлері туралы мәліметтер берілді. Қашықтан өткізілген коучингке мектеп мұғалімдері тарапынан сындарлы кері байланыстар берілді. Аталған коучингтерді өткізген мектеп басшысы Гүлзира Молдабайқызына алғысымызды білдіреміз.