Заманауи ұстаз қандай болуға тиіс? » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2021

Заманауи ұстаз қандай болуға тиіс?

16 қаңтар күні мектебімізде "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының "Мектеп көшбасшылары" курсының тыңдаушысы, мектеп директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызының ұйымдастыруымен қашықтан "Заманауи ұстаз қандай болуға тиіс?" тақырыбында коучинг болып өтті. Коучингте заманауи ұстаз қандай болуы керектігіне мектеп мұғалімдері өз ойларын айтты. Сонымен қатар коучер педагог кадрлар мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдық міндеттерімен таныстырып өтті. Коучинг барысында ұстаздар 5 секцияға бөлініп, топтық жұмыстар жасап, бірлескен іс-әрекет орын алды. Коучингте мектеп психологы Жолдасова Жадыра Муратовна мектеп ұстаздарына психологиялық тренинг өтті. Коучинг соңында қатысушылар тарапынан кері байланыстар берілді. Аталған коучингті жоғары дәрежеде өткізген мектеп көшбасшысы Гүлзира Молдабайқызына алғысымызды білдіреміз.