Мектепте сабақты зерттеу үдерісін енгізуді басқару: нәтиже және кедергілер » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепте сабақты зерттеу үдерісін енгізуді басқару: нәтиже және кедергілер
20
май
2021

Мектепте сабақты зерттеу үдерісін енгізуді басқару: нәтиже және кедергілер

20 мамыр күні №72 жалпы білім беретін мектепте қашықтан zoom платформасында Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының аға тренері Бипажанова Айман Биахметқызының ұйымдастыруымен "Мектепте сабақты зерттеу үдерісін енгізуді басқару: нәтиже және кедергілер" тақырыбында диалог алаңы болып өтті. Диалог алаңына аталған орталықтың тренерлері мен жетекші және серіктес мектептердің басшылары мен пән мұғалімдері қатысты. Диалог алаңында Педагогикалық шеберлік орталығының "Мектеп көшбасшылары" курсының тыңдаушысы, мектеп директоры Сариева Гулзира Молдабайқызы, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, мектеп координаторы Иманова Гульжан Мухаметказиновна және бастауыш сынып мұғалімі, мектеп тренері Шынгысова Айнур Куребаевна мектептегі сабақты зерттеу үдерісі және нысаналы 3 "Б" және 8 "Б" сыныптарымен жасалған жұмыстар жайлы тәжірибелерімен бөлісті. Конференция соңында қатысушылар тарапынан сындарлы кері байланыстар берілді. 

P.S: естеріңізге сала кетсек, №72 жалпы білім беретін мектеп 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетекші мектептер қатарына кірді және алдағы уақытта серіктес екі мектеппен (№122 ЖББМ, №158 ЖББМ) жұмыс жасайтын болады.