23
октябрь
2021
Мұғалімнің инновациялық технологияларды қолдануы, оқушылардың коммуникативтік - ақпараттық құзыреттілігінің дамуына әсері
22 қазан күні "Озат тәжірибе мектебі" мұғалімдерінің онкүндігі аясында "Өрлеу" БАҰО" тренері Гүлбала Кеніштайқызы мен "педагог-зерттеуші" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Несипакынова Фарида Канатовна мектеп ұстаздарына "Мұғалімнің инновациялық технологияларды қолдануы, оқушылардың коммуникативтік - ақпараттық құзыреттілігінің дамуына әсері" тақырыбында коучинг-практикум болып өтті. Практикум барысында Гүлбала Кеніштайқызы сабақ үдерісінде қолданатын мультимедиялық әдіс-тәсілдер мен әртүрлі қосымшалармен жұмыс жасау принциптерін айтып өтті. Мектеп ұстаздары жеке ноутбуктар арқылы практикалық жұмыстарды орындап, АКТ құзыреттіліктері арта түсті. Аталған коучинг-практикумды жоғары деңгейде ұйымдастырған Гүлбала Кеніштайқызы мен Фарида Канатовнаға алғысымызды білдіреміз.