Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2021

Озат тәжірибе мектебі

23 қазан күні "Озат тәжірибе мектебі" мұғалімдерінің онкүндігі аясында мектеп директоры, педагог-зерттеуші Сариева Гүлзира Молдабайқызы және ассистенттер педагог-модераторлар Балтабаева Фариза Арсланқызы мен Жолдасова Жадыра Мұратқызының ұйымдастыруымен "Сабақта оқу дағдыларын қалай қалыптастырамыз?" тақырыбында коучинг болып өтті. Коучингте мектеп ұстаздары "Джигсо-1,2", " Түртіп алу" кестесі, "Галереяға саяхат" әдістері арқылы топтық жұмыстарды орындады. Сонымен қатар коучинг барысында психологиялық және нейрондық жаттығулар жасады. Аталған коучингты жоғары деңгейде ұйымдастырған коуч Гүлзира Молдабайқызы мен ассистенттер Фариза Арсланқызы және Жадыра Мұратқызына алғысымызды білдіреміз.