20
февраль
2022
Директорлық сенбі—ата-ана үні
19 ақпан күні мектебімізде қашықтан zoom платформасында "Директорлық сенбі—ата-ана үні" атты ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысты мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы ашып, ата-аналар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді. Ата-аналар жиналысына қатысқан 1-11 сыныптың ата-аналары мектеп әкімшілігіне өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты. Ата-аналардың басым көпшілігі мектепте домбыра, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелері ашылса деген пікірлерін ортаға салды. Мектеп ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Құрметті ата-аналар! Мектеп басшылығына айтар ұсыныстар мен пікірлеріңіз болса, әлеуметтік желіміздің комментарийіне жазсаңыздар болады.
@edu.almaty
@almaty_mektepteri


