Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын қалай тиімді қалыптастырамыз? » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын қалай тиімді қалыптастырамыз?
01
февраль
2021

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын қалай тиімді қалыптастырамыз?

29 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің он күндігі аясында мектебімізде қашықтан zoom платформасында "Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын қалай тиімді қалыптастырамыз?" тақырыбында Республикалық семинар-практикум болып өтті. Семинар - практикумға мектеп ұстаздарымен қатар, Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы "Мектеп көшбасшылары" курсының тыңдаушылары мен Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының мұғалімдері қатысты. Коучингте бастауыш сынып ұстаздары айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар аталған тақырып бойынша көкейдегі сауалдарын қойып, "5-5-1" әдісі арқылы сындарлы кері байланыстар берді. Аталған семинарды жоғары дәрежеде өткізген мектеп тренерлері Нусупова Айзада Айгабыловна мен Шынгысова Айнур Куребаевнаға және де бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің ұстаздарына алғысымызды білдіреміз.