Әдістемелік жұмыстар » Страница 6 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жігіт сұлтаны—2022
05
май
2022
Жігіт сұлтаны—2022
4 мамыр күні мектебімізде "Жігіт сұлтаны—2022" байқауы болып өтті. Байқауға 7-8 және 9-10 сыныптың ұлдары қатысып, сайыстың кезеңдері бойынша бақтарын сынады. Жігіттер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс соңында әділ қазы алқалары бағасын беріп, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. #жігіт_сұлтаны @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_ 
Тәрбие сағаттары
03
май
2022
Тәрбие сағаттары
3 мамыр күні 1-11 сыныптарда 1 мамыр— Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр — Жеңіс күні мерекелеріне қарсы ашық тәрбие сағаттары болып өтті. @edu.almaty @auezovpoo_  
Бүгінгі жас маман—болашақ білікті ұстаз
29
апрель
2022
Бүгінгі жас маман—болашақ білікті ұстаз
29 сәуір күні мектебіміздің мәжіліс залында "Бүгінгі жас маман—болашақ білікті ұстаз" атты жас мамандар байқауы болып өтті. Байқауға биылғы жылы мектебіміздің табалдырығын аттап, алғаш еңбек жолын бастаған жас ұстаздар қатысты. Сайыстың әр кезеңдері бойынша бақ сынаған жас мамандар жүлделі орындарға ие болып, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
"Айбын" әскери-спорттық жарысы
27
апрель
2022
"Айбын" әскери-спорттық жарысы
     Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 77 жылдығы, ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай аудандық "Айбын" әскери-спорттық жарысында мектебіміздің командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, жарысқа дайындаған жетекшісі, АӘ және ТД пәнінің мұғалімі Енсебаев Бакытжан Ксеновичке алғысымызды білдіреміз.
Прокурорлар есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, ата-аналарды сақ болуға шақырады
26
апрель
2022
Прокурорлар есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып,
Прокурорлар есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, ата-аналарды сақ болуға шақырады Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы Алматыда кең таралған қылмыстардың бірі болып қала береді. Зиянкестер есірткіні жарнамалау және насихаттау үшін заманауи технологияларды қолдана бастады, оларды байланыссыз, бетбелгілер, әлеуметтік желілер, телеграм арналары арқылы, соның ішінде шетелден де сата бастады. Осылайша, олар біздің халқымыздың денсаулығы мен моральға қарсы
23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күні
23
апрель
2022
23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күні
   23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күні. Осы мереке арқылы ЮНЕСКО ұйымы бүкіл әлемді кітап оқуға, адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан авторлардың еңбегін құрметтеуге үндейді. Бүгінгі атаулы күнді пайдалана отырып бүкіл адам баласының алтын қазынасы кітапты сақтап, қоғамға насихаттап отырған, еңбегі өлшеусіз барша кітапханашылар және мұғалім әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз!
Көктем аруы-2022
22
апрель
2022
Көктем аруы-2022
22 сәуір күні мектебімізде "Көктем аруы-2022" байқауы болып өтті. 8-10 сыныптар арасында өткізілген бұл байқауда аталған сыныптардың қыздары қатысып, сайыстың әр кезеңдері бойынша бақтарын сынады. Әділ қазы алқалары әділ бағасын беріп, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. #қыз_сыны @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_
Мектеп кітапханасының бір күні
22
апрель
2022
Мектеп кітапханасының бір күні
КІТАПХАНА ТЫНЫСЫ. Құрметті инстаоқырмандар! Сіздердің назарларыңызға мектеп кітапханасының бір күнін ұсынамыз. Бүгін "Балалар жылы" аясында мектебіміздің 7 "А" сынып оқушылары мектеп кітапханасына келіп, ондағы кітап көрмесімен, жаңа түскен әдебиеттермен және мектеп мұғалімдерінің еңбектерімен танысты.
Цифрлық әлем. Қауіпсіз интернет
21
апрель
2022
Цифрлық әлем. Қауіпсіз интернет
    Мектебімізде "Цифрлық әлем. Қауіпсіз интернет" кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Жаңа технологиялардың да өркениеттегі орнын жоққа шығармай, оның да тілін білуге, даму үрдісінен қалмауға шақыру. Көрмеге 27 кітап қойылды.   
Бүгінгі жас маман - болашақ білікті ұстаз
15
апрель
2022
Бүгінгі жас маман - болашақ білікті ұстаз
     15 сәуір күні мектебіміздің педагог-психологы Жолдасова Жадыра Мұратқызы "Бүгінгі жас маман - болашақ білікті ұстаз" атты жас мамандар онкүндігі аясында "Жас маман, алға бас кадам" тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренинг барысында "Жапон әліппесі" жаттығуы, квест ойыны, "Өзіңді тереңірек тани біл", "Менің пікірім" атты жаттығулар орындады. Тренингті "Жақсылық жасап жарысайықшы " әнімен аяқтады.
Дыбысты қалай қаттырақ шығаруға болады?
14
апрель
2022
Дыбысты қалай қаттырақ шығаруға болады?
14 сәуір күні жас мамандар онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Қалыбек Айгерім Мақсутқызының 2 "А" сыныбымен жаратылыстану пәнінен "Дыбысты қалай қаттырақ шығаруға болады?" тақырыбында ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде жаңа сабаққа қатысты тапсырмаларды орындады. Сабақ соңында әріптестер тарапынан кері байланыстар берілді.
Жер сілкінісі кезіндегі оқушылар, мұғалімдер және қызметкерлердің іс- әрекеті, оларды эвакуациялау
13
апрель
2022
Жер сілкінісі кезіндегі оқушылар, мұғалімдер және қызметкерлердің іс-
№72 жалпы білім беретін мектептің азаматтық қорғаныс штаб бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 13 сәуір күні «Жер сілкінісі кезіндегі оқушылар, мұғалімдер және қызметкерлердің іс- әрекеті, оларды эвакуациялау» тақырыбында жаттығу өткізілді. Жаттығуға барлығы 445 адам жұмылдырылды. Негізгі жүргізілген іс- шаралар: - дабыл берілген уақыттан кейінгі оқушылардың қауіпсіз аймаққа уақытында шығарылуын штаб құрамы бақылап, сапқа тұрғызды; - сыныптар толық сапқа тұрғызылып, азаматтық штаб мүшелерінің
Түзету сыныптарымен "Ш" дыбысын қою
13
апрель
2022
Түзету сыныптарымен "Ш" дыбысын қою
     13 сәуір күні жас мамандар онкүндігі аясында мектеп логопеді Тұрсұмұрат Әлия Нұрланқызының түзету сыныптарымен "Ш" дыбысын қою. "С", "Ш" дыбыстарын ажырату тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде оқушылар логожаттығулар жасап, берілген тапсырмаларды орындады.
Негіздер. Негіздердің алынуы мен қасиеттері
12
апрель
2022
Негіздер. Негіздердің алынуы мен қасиеттері
   12 сәуір күні ғылыми-жаратылыстану пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 8 "А" сыныбында химия пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Сейітқазы Нұрсұлтан Советбекұлының "Негіздер. Негіздердің алынуы мен қасиеттері" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде wordwall қосымшасы мен online mektep платформасындағы тапсырмаларды орындап, тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Сабақ мақсатына жетті.
Бүгін елімізде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг  жүргізу басталды
12
апрель
2022
Бүгін елімізде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу
✏️ Бүгін еліміздің 1447 мектебінде (барлық мектептің 25%-ы) оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды (ББЖМ). Оған 4 және 9-сынып оқушыларының арасынан 112 мыңнан астам бала қатысады. Ол сәуірдің 29-на дейін жалғасады. Қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталды. ▪️Бұл білім сапасын ішкі қазақстандық зерттеу. Мониторинг жүргізу заңға былтырғы жылы енгізіліп, биыл мектептерде алғаш рет өткізіледі. ▪️Мониторинг мектеп базасында өтеді, оқушылардың математикалық,