Әдістемелік жұмыстар » Страница 9 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп логопедінің жұмысы
21
февраль
2022
Мектеп логопедінің жұмысы
Мектеп логопеді Тұрсұмұрат Әлия Нұрланқызының жұмыс жоспарына сәйкес түзету сыныптарымен және инклюзивті сынып оқушыларымен жасалатын түзету жұмыстарындағы сәттерді назарларыңызға ұсынамыз. Сабақ жоспарына сәйкес тыныс алу жаттығулары, артикуляциялық жаттығулар және оқушының ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған жұмыстар жасалынды. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Директорлық сенбі—ата-ана үні
20
февраль
2022
Директорлық сенбі—ата-ана үні
19 ақпан күні мектебімізде қашықтан zoom платформасында "Директорлық сенбі—ата-ана үні" атты ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысты мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы ашып, ата-аналар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді. Ата-аналар жиналысына қатысқан 1-11 сыныптың ата-аналары мектеп әкімшілігіне өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты. Ата-аналардың басым көпшілігі мектепте домбыра, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелері ашылса деген пікірлерін ортаға салды. Мектеп ұстаздарына алғыстарын
«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
19
февраль
2022
«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА! 3-4 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі Алматы қаласының мектептерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, офлайн форматта өткізіледі.   Олимпиаданың басталуы: 3 сынып -  21.02.2022 ж    сағ 10.00-11.00 (Нұр-Сұлтан уақытымен); 4 сынып -  21.02.2022 ж    сағ 12.00-13.00 (Нұр-Сұлтан уақытымен).   Бұл уақыттан кешіккен оқушылардың жұмыстары ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ. Барлық мектептерде олимпиада бір
"Тәуелді зат есімдердің септелуі" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті
18
февраль
2022
"Тәуелді зат есімдердің септелуі" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті
18 ақпан күні "Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған" атты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы Майлыбаева Айсара Мейрамбаевнаның 4 "А" сыныбымен қазақ тілі пәнінен "Тәуелді зат есімдердің септелуі" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде оқушылар зат есімнің септелуіне қатысты жаттығу жұмыстарын орындады. Сабақта топтық жұмыс, дәптермен жұмыс орын алып, сабақ соңында оқушылар тарапынан кері
2 мен 5 сандарына көбейту және бөлу кестесін бекіту" тақырыбындағы ашық сабақ
18
февраль
2022
2 мен 5 сандарына көбейту және бөлу кестесін бекіту" тақырыбындағы
18 ақпан күні "Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған" атты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Ауелбекова Айгул Яхияевнаның 2 "Б" сыныбымен математика пәнінен "2 мен 5 сандарына көбейту және бөлу кестесін бекіту" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде оқушылар топта есептер шығарып, жаңа сабаққа қатысты тапсырмаларды орындады. Жаңартылған білім мазмұнына сай жоспарланған ашық сабақ өз мақсатына жетті. @edu.almaty
Айтыс—сөз мәйегі
18
февраль
2022
Айтыс—сөз мәйегі
18 ақпан күні №72 жалпы білім беретін мектептің базасында ұлт ұстазы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай орта білім беру ұйымдары педагогтері арасында "Айтыс—сөз мәйегі" атты ауданық айтыс болып өтті. Айтысқа аудандық білім бөлімінің әдіскері Байшемирова Гулзира Бейсенгалиевна және қазылық еткен №104 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байгалиева Багдат Мукатаевна, Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті
Бастауышым бастамам—білім жолын бастаған
17
февраль
2022
Бастауышым бастамам—білім жолын бастаған
Ақпан айының 14-25 күндері аралағында "Бастауышым бастамам—білім жолын бастаған" атты бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігінде "2022 жылы—Балалар жылы" аясында "Адамның бір қызығы бала деген" тақырыптағы видеокөрсетілімді назарларыңызға ұсынамыз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_ 
Күн мен түн неліктен алмасады?
16
февраль
2022
Күн мен түн неліктен алмасады?
16 ақпан күні "Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған" атты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор Мағурпбай Арайлым Ниязқызының 3 "Б" сыныбымен жаратылыстану пәнінен "Күн мен түн неліктен алмасады?" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде оқушылар топтық жұмыстар мен тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Жаңартылған білім мазмұнына сай жоспарланған сабақ өз мақсатына жетті. @edu.almaty @almaty_mektepteri
Отбасылық құндылықтар
16
февраль
2022
Отбасылық құндылықтар
11 ақпан күні "Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі аясында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Қазбек Ардақ Сәкенқызының 7 "Б" сыныбымен "Отбасылық құндылықтар" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ басында оқушылар "Шаңырақ" әдісі арқылы жіптің түстеріне қарай 4 топқа бөлініп, "5 Т" топтың алтын ережесін құрды. Топтық жұмыстарда шығармашылық тапсырмаларды орындап, кері байланыстар берді. Аталған ашық сабақ өз мақсатына жетті. @edu.almaty
Буын. Еліміздің астанасы
15
февраль
2022
Буын. Еліміздің астанасы
15 ақпан күні "Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған" атты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Шынгысова Айнур Куребаевнаның 1 "А" сыныбымен Ана тілі пәнінен "Буын. Еліміздің астанасы" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде оқушылар ел ордасы Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасау арқылы берілген тапсырмаларды орындады, топтық жұмыстар жасап, сабақ соңында кері байланыстар берді.
Ұжымда жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру
15
февраль
2022
Ұжымда жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру
10 ақпан күні "Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі аясында "Ұжымда жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру" тақырыбында семинар болып өтті. Семинарды ұйымдастырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Едилова Алтынай Тулеевна мен мектеп психологы Жолдасова Жадыра Мұратқызы. Семинар-тренингке мектеп мұғалімдері қатысып, "қолтырауын" жаттығуын және шығармашылық жұмыстар жасады. Семинарды жоғары деңгейде өткізген ұйымдастырушыларға
Жылға жақсы тілек"
14
февраль
2022
Жылға жақсы тілек"
14 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы Қалыбекова Гулбану Болатбекованың 4 "Б" сыныбымен әдебиеттік оқу пәнінен "Жылға жақсы тілек" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде оқушылар топтық жұмыстарды орындап, қазақтың ұлттық өнері айтысты насихаттады. Сабақ өз мақсатына жетті. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Соғады жүрек" атты шығармашылық кеш болып өтті
10
февраль
2022
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Соғады жүрек" атты
9 ақпан күні мәжіліс залында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Урманбекова Жанар Амантаевна мен Хуан Жадыраның ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының қайталанбас туындыларының авторы, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Соғады жүрек" атты шығармашылық кеш болып өтті. Аталған кеште оқушылар ақынның жауһар жырлары мен сөзіне жазылған әндерді шырқады. Кеш соңы "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы желісінде сахналық қойылыммен жалғасын тапты. Ақиық ақынның шығармашылығына арналған
Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы
10
февраль
2022
Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы
10 ақпан күні "" атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі аясында Байсуйеуова Гулсайран Бекеновнаның 6 "А" сыныбымен "Сыныптағы достық" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ басы"Кімнің дауысы?" атты психологиялық тренингпен басталды. Оқушылар "Дос туралы аңыз" деген тақырыпта видеокөрсетілімді көріп, үш топқа бөлініп, шығармашылық жұмыстар орындады, "Жан досым" әнін шырқады. Сабақ соңында тыныс алуға зейін қою мақсатында баяу музыка қойылып, оқушылар  тыныштық сәтін жасады. Аталған ашық
Қобалжуды жою мақсатында өткізілген психологиялық тренинг
09
февраль
2022
Қобалжуды жою мақсатында өткізілген психологиялық тренинг
Мектеп психологы Жолдасова Жадыра Мұратқызының жұмыс жоспарына сәйкес 8 ақпан күні мектебіміздің 9 және 11 сынып окушылары арасында емтихан алдындағы қобалжуды жою мақсатында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар психологиялық жаттығулар мен ойындар ойнап, өз ойларын ортаға салды. Аталған тренинг жоғары деңгейде өтілді.