“Lesson Study: Рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа” атты І Ұлттық конференциясы » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Lesson Study: Рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа” атты І Ұлттық конференциясы
30
март
2023

“Lesson Study: Рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа” атты І Ұлттық конференциясы

27-28 сәуір күндері Астана қаласында “Lesson Study: Рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа” атты І Ұлттық конференциясы болып өтті. Конференцияның пленарлық отырысында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Илиясов, Жаһандық білім беру жөніндегі Азияның хаб комиссары Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова, “Назарбаев зияткерлік мектептері” ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин, Ұлттық білім беру саясаты жөніндегі аға зерттеушісі (Жапония) Тошиа Чичибу, Мұғалім даярлау институтының аға оқытушысы (Малайзия) Хасна Абдула, Білім беру саласының сарапшысы (Шотландия) Роберт Дуглас Сим және Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының Бас хатшысы (Ұлы Британия)- Питер Дадли баянама оқыды.

Аталған коференцияға мектеп директоры Сариева Гулзира Молдабаевна және мектеп тренерлері Нусупова Айзада Айгабыловна, Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы қатысып қайтты. Айзада Айгабыловна қорғаған постері Республикадан І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай келе, аталған конференцияны ұйымдастырған Педагогикалық шеберлік орталығы ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Келесі күні зерттеуші топ мүшелері Астана қаласы мектептерінің іс-тәжірибесімен танысып, зерттеу сабақтарына қатысты.