“Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық ынтымақтастық тактикасы” тақырыбында аудандық семинар-практикум » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық ынтымақтастық тактикасы” тақырыбында аудандық семинар-практикум
27
февраль
2024

“Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық ынтымақтастық тактикасы” тақырыбында аудандық семинар-практикум

23 ақпан күні мектебімізде “Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық ынтымақтастық тактикасы” тақырыбында аудандық семинар-практикум болып өтті. Аталған семинар-практикумға ауданымыздағы орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, дефектолог, логопед мамандары қатысты. Семинарды мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы ашып, семинардың мақсат-міндеттерімен таныстырды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Досанбаева Кундыз Нурланбековна “Мектепте ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға қолдау (көмек) көрсетуді ұйымдастыру” тақырыбында баяндама оқыды. Бастауыш сынып мұғалімі Мәдібекова Ақмарал Дулатханқызы “Инклюзивті білім берудің Халықаралық тәжірибесі” тақырыбы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімі Шынгысова Айнур Куребаевна “Мәтінді түсінуде және айтылымда қиындықтары (дислексия) бар оқушыға педагогикалық қолдау” тақырыбында, математика пәні мұғалімдері Жусупова Бибижан Пазылкызы, Оспанова Гулжазира Динисламовна “Математика сабағында инклюзивті білім беру ерекшелігі” тақырыбында, ағылшын тілі пәні мұғалімі Казатаева Шолпан Ырымтаевна “Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдары” тақырыбында, биология пәні мұғалімі Садыкова Озипа Аскаровна “Жаратылыстану пәнінен ЕБҚ оқушыларды оқыту әдістері” тақырыбында панорамалық сабақтар жүргізді. Мектеп логопеді Төлемұратова Еркеайым Болатбекқызы “Мидың екі жарты шарының өзара әрекеттесуін ойын арқылы дамытуға арналған логопедиялық әдістер” тақырыбында ойын-сабақ өтті. Семинар аясында педагог-психолог Қазбек Ардақ Сәкенқызы және арнайы педагог Тұрсұмұрат Әлия Нұрланқызы “Теңдік: Мектептердегі инклюзивті білім беру” тақырыбында тренинг сабақтар жүргізді. Семинар соңын мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы қорытындылап, барлық қатысушыларға алғысын білдірді. Аталған семинар жоғары дәрежеде өтіліп, қонақтар тарапынан сындарлы кері байланыстар берілді.


https://www.instagram.com/reel/C3sfe4gsPeZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​