Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушы жетістігі
03
май
2022
Оқушы жетістігі
12 сәуір — Ғарышкерлер күніне орай 27-30 сәуір күндері аралығында Байқоңыр қаласында өткен Таеквондадан өткен Халықаралық турнирде мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Айбекқызы Аяла жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мұғалім жетістігі
28
апрель
2022
Мұғалім жетістігі
Алматы қаласы Оқушылар сарайының базасында мектеп психологы Жолдасова Жадыра Мұратқызы "ҚР білім беру процесіне қатысушыларға тиімді психологиялық педагогикалық көмек көрсетудегі инновациялық технологиялар" тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, "Жоғары сынып оқушыларының креативті ойлауын дамытудың педагогикалық шарттары" тақырыбында баяндама оқыды.
"Айбын" әскери-спорттық жарысы
27
апрель
2022
"Айбын" әскери-спорттық жарысы
     Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 77 жылдығы, ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай аудандық "Айбын" әскери-спорттық жарысында мектебіміздің командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, жарысқа дайындаған жетекшісі, АӘ және ТД пәнінің мұғалімі Енсебаев Бакытжан Ксеновичке алғысымызды білдіреміз.
Жаңа Қазақстан — балалар көзімен
25
апрель
2022
Жаңа Қазақстан — балалар көзімен
      Аудандық білім бөлімі мен аудандық "Ұстаз" кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен "Жаңа Қазақстан — балалар көзімен" атты сурет салу конкурсында мектебіміздің 6 "Б" сынып оқушысы Макен Айша ІІІ орынды иеленіп, "Юный домостроитель" жазғы сауықтыру лагеріне жолдама алды. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.
ҰЛТ ҰСТАЗЫ
18
апрель
2022
ҰЛТ ҰСТАЗЫ
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "ҰЛТ ҰСТАЗЫ" атты эссе байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Балтабаева Фариза Арсланқызы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!  
Екі жұлдыз
08
апрель
2022
Екі жұлдыз
     17 наурыз күні мектебімізде музыка пәнінің мұғалімі Хасен Назеркенің ұйымдастыруымен "Екі жұлдыз" байқауы болып өтті. Аталған байқауда мұғалім мен оқушы жұп болып, киелі сахнада өнер көрсетті. Байқау соңында әділ қазы алқалары әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды марапаттады. 🎤🎼🎹🎷🎧📯🎸
Оқушы жетістігі
06
апрель
2022
Оқушы жетістігі
     Тараз қаласында өткен Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында мектебіміздің 8 "Б" сынып оқушысы Айбекқызы Ақханым І орынды 🥇иеленді. Айта кетейік, жүлдегер атанғандар ҚР ұлттық құрамасының қатарына еніп, әрі қарай шілдеде Болгария астанасында өтетін Әлем чемпионаты мен тамызда Моңғолия астанасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алады. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мектепте информатика пәнін оқытуда цифрлық мүмкіндіктерді қолданудағы өзекті мәселелер
04
апрель
2022
Мектепте информатика пәнін оқытуда цифрлық мүмкіндіктерді қолданудағы
  Алматы қаласы білім басқармасына қарасты қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "Мектепте информатика пәнін оқытуда цифрлық мүмкіндіктерді қолданудағы өзекті мәселелер" атты информатика пәні мұғалімдерінің халықаралық онлайн форумына қатысып, өз тәжірибесімен бөліскен мектебіміздің информатика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Сағындық Айжан Оралбекқызына алғысымызды білдіреміз.
Мұғалім жетістігі
01
апрель
2022
Мұғалім жетістігі
"Қазіргі білім мектепте, колледжде, ЖОО-да" республикалық ғылыми-әдістемелік журналына мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Казатаева Шолпан Ырымтаевнаның "Past Simple Tense" тақырыбындағы сабақ жоспары жарияланып, журнал сыртындағы мұқабасына суреті шықты. Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз.
Ұстаз жетістігі
24
март
2022
Ұстаз жетістігі
Әуезов ауданының жас педагогтары арасында өткен "Өз жұлдызыңды жақ" атты аудандық сайыста мектебіміздің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Қазбек Ардақ Сәкенқызы жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_ @auezustaz  
Оқушалар жетістігі
23
март
2022
Оқушалар жетістігі
"Steps to the stars" продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен "Talented kids" республикалық конкурс-фестивалінде би номинациясы бойынша мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Мамырбекова Амина және 8 "А" сынып оқушысы Мамырбекова Айман "Бас жүлдені" иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Мұғалім жетістігі
21
март
2022
Мұғалім жетістігі
Оқушыларды әскери тіркеуден өткізу барысында жоғары ұйымшылдық пен жауапкершілік танытқаны үшін мектебіміздің АӘТД пәнінің мұғалімі Енсебаев Бахытжан Ксеновичті Алматы қаласы Әуезов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_ @gulzira_moldabaykizi @bakhytzhan_e_k  
"Ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбындағы жыр додасы
26
февраль
2022
"Ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбындағы жыр додасы
Алматы қаласының Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен қазақ тілінің реформаторы, теоритигі әрі қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Алматы қаласы орта білім беру ұйымдары педагогтері арасында өткізілген "Ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбындағы жыр додасында (ақындар айтысы) БАС ЖҮЛДЕНІ иеленген мектебіміздің үйірме жетекшісі Сатыпалды Әмір Бақытжанұлын (бүркеншік аты— Шайыр) шын жүректен
Оқушымыздың жетістігі
24
февраль
2022
Оқушымыздың жетістігі
Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІІ орын жүлдегері, мектебіміздің 10 "Б" сынып оқушысы Әлқожа Әлиманы шын жүректен құттықтаймыз. Әлиманың "Этномәдениеттану" секциясы бойынша "Қазақ қоғамындағы әйелдердің әлеуметтік-саяси мәртебесі (ХVIII-ХІХ ғғ.)" тақырыбындағы жобасы үздік деп танылып, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің грамотасымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі,
"Жырлайды жүрек" атты Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған жыр мүшайрасы
23
февраль
2022
"Жырлайды жүрек" атты Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған
Әуезов ауданының орта білім беру ұйымдары педагогтері арасында "Жырлайды жүрек" атты Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған жыр мүшайрасына қатысып, "Жырлайды жүрек... " номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленген мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хуан Жадыраны шын жүректен құттықтаймыз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_