Жетістіктеріміз » Страница 9 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
ІІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасы
26
октябрь
2020
ІІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасы
    ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасында қорытынды кезең нәтижесі бойынша мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Игэлэк Қарақат жүлделі ІІ орынды, педагог-психолог Жолдасова Жадыра жүлделі ІІ орынды және физика пәнінің мұғалімі Күзенбаев Жасұлан  жүлделі ІІІ орынды иеленді. Аталған ұстаздар "Үздік педагог" олимпиадасының іріктеу кезеңінен өтіп, ақтық
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
23
октябрь
2020
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
"Мұрагер" интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Республикалық қашықтықтан өткен "Абай - дана, Абай - дара қазақта" байқауына қатысып, жүлделі І орын алған мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы және мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаны шын жүректен құттықтаймыз!
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
22
октябрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі белсенді еңбегі мен шығармашылық жетістігі үшін мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлы "Өрлеу" Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы АҚ Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Аяулы ұстазымызға шығармашылық табыстар тілейміз.
ЕҢ БІЛІМДІ ПЕДАГОГ -2020
20
октябрь
2020
ЕҢ БІЛІМДІ ПЕДАГОГ -2020
  "Білім шыңы- Ғылым сыры" журналының ұйымдастыруымен өткен жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген "Ең білімді педагог-2020"  IV Республикалық пән олимпиадасына қатысып, жүлделі І орынды иеленген мектебіміздің "педагог -зерттеуші" біліктілік санатындағы бастауыш сынып мұғалімі Шынгысова Айнур Куребаевнаны @ainur.kurebaevna шын жүректен құттықтаймыз! Аяулы ұстазымызға
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
02
октябрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Несипакынова Фарида Канатовна @nesipakynova eлімізде енгізілген карантинге байланысты оқушыларды қашықтан оқытуды ұйымдастыруда оқу пәнінен тірек конспектілерді әзірлеуге белсене атсалысқаны және шығармашылық табыстары үшін Алматы қаласы Білім басқармасының @edu.almaty АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Аяулы ұстазымызға шығармашылық табыс, еңбегіне жеміс тілейміз.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
26
сентябрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
Мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлының "Физикадан ҰБТ тапсырмалары мен тесттер жинағы" атты оқу-әдістемелік құралы жарыққа шықты. Аталған оқу-әдістемелік құрал ЖОО-на түсуші талапкерлер мен білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдеріне арналған. Мұнда физика пәнінен қиындығы жоғары есептердің шығару жолдары, өз бетінше орындауға арналған жаттығу есептері, жаңа форматтағы тест нұсқалары (жауаптарымен) берілген. Авторлық ұжымға шығармашылық табыстар тілейміз.
"АБАЙ - ДАНА, АБАЙ - ДАРА ҚАЗАҚТА"
26
май
2020
"АБАЙ - ДАНА, АБАЙ - ДАРА ҚАЗАҚТА"
"Мұрагер" балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Халықаралық "АБАЙ - ДАНА, АБАЙ - ДАРА ҚАЗАҚТА" атты балалар мен жасөспірімдер байқауында көркем сөз жанры бойынша мектебіміздің 4 "А" сынып оқушысы Бекжан Айым ІІ орынды иеленді. Айымға алар асуы биік болып, бұданда үлкен белестерді бағындыра берсін демекпіз. #Абай175 
"Ерлігі мәңгі ұмытылмайды"
25
май
2020
"Ерлігі мәңгі ұмытылмайды"
"Педагогика жанашыры" республикалық ғылыми - педагогикалық журналының ұйымдастыруымен және "Қазақстан педагогтарының білімін дамыту және қолдау орталығының" қолдауымен "Ұлы Жеңiске - 75 жыл" тақырыбында өткізілген Республикалық жас таланттар байқауында "Ерлігі мәңгі ұмытылмайды" номинациясы бойынша эссе жазу сайысында 7 "Ә" сынып оқушысы Рахметулла Аружан жүлделі І орынды иеленді. Аружанға шығармашылық табыстар тілей отырып, бұданда биік белестерді бағындыра берсін демекпіз. Сайысқа дайындаған
"Дарын" Республикалық ғылыми - практикалық орталығы ұйымдастырған "Кенгуру - математика барлығы үшін" Халықаралық зияткерлік конкурсы
19
май
2020
"Дарын" Республикалық ғылыми - практикалық орталығы ұйымдастырған
"Дарын" Республикалық ғылыми - практикалық орталығы ұйымдастырған "Кенгуру - математика барлығы үшін" Халықаралық зияткерлік конкурсында мектебіміздің 4 "А" сынып оқушысы Бекжан Айым (жетекшісі: Ауелбекова Айгуль Яхиевна) және 8 "А" сынып оқушысы Джулдасова Жибек (жетекшісі: Жусупова Бибижан Пазильовна) жүлделі І орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Сиверс Алматы ағашы - құрметке лайық
08
октябрь
2019
Сиверс Алматы ағашы - құрметке лайық
Республикалық экологиялық сағат іс- шараларды ұйымдастыруда, табиғи ресурстарды күту және сақтау мәселелерін  тарату мақсатында ұйымдастырылған аудандық "Сиверс Алматы ағашы - құрметке лайық" атты фестивальде  мектебіміздің 4 "Б"сынып оқушылары белсенді қатысып қайтты. Аталмыш фестивальге оқушыларды қатыстырып,жауапкершілік танытқаны үшін,  мектебіміздің директоры Сариева Гүлзира  Молдабайқызын Әуезов ауданы әкімі Сайран Сайфеденеовтың АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз. 
Назад 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Вперед