Жетістіктеріміз » Страница 4 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы —жасыл қала
20
май
2022
Алматы —жасыл қала
Балалар жылы аясында "Алматы —жасыл қала" атты эко-конкурстың аудандық кезеңінде мектебімізден 6 "Б" сынып оқушысы Ержанқызы Нұрай және 8 "Б" сынып оқушысы Қанибек Аяулым қатысты. Ауданымыздың орта білім беру ұйымдары арасында өткен эко-байқауда Қанибек Аяулымның мектеп ауласының ландшафты дизайны тақырыбындағы жобасы үздік деп танылып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Куатова Назгул Касеновнаға алғысымызды білдіреміз.
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
19
май
2022
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
Мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Кенже Арман "Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение" атты дарынды балалардың энциклопедиялық жинағына шықты. Арман— ғылыми жобалар мен конкурстарда жүлделі орын иеленіп жүрген озат оқушы. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
18
май
2022
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
Мектебіміздің 5 "Б" сынып оқушысы Зәлел Әмір "Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение" атты дарынды балалардың энциклопедиялық жинағына шықты. Әмір— таеквондадан республикалық турнирлердің жеңімпазы және ағылшын тілі, математика пәндерінен өткен олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орын иеленіп жүрген озат оқушы. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Ару мерген
16
май
2022
Ару мерген
Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдық және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдық мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған қалалық әскери-спорттық жарыста "Жас мерген—юный стрелок" номинациясы бойынша 9 "Б" сынып оқушысы Әділбек Әділ жүлделі ІІІ орынды, "Мерген атқыш—меткий стрелок" номинациясы бойынша 9 "Б" сынып оқушысы Көшік Тубай жүлделі ІІ орынды, "Ару мерген"
Русский медвежонок—языкознание для всех
12
май
2022
Русский медвежонок—языкознание для всех
"Дарын лэнд" зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен 2-11 сыныптар арасында өткен "Русский медвежонок—языкознание для всех" атты орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Халықаралық конкурста жүлделі орын алған мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз. Конкурсқа дайындаған жетекшісі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балмухамбетова Гульмира Кабулбековнаға алғысымызды білдіреміз. #русскиймедвежонок #орыстілі @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_
Үздік сәндік қолданбалы өнер
11
май
2022
Үздік сәндік қолданбалы өнер
Алматы қаласы "Рухани жаңғыру" орталығының ұйымдастыруымен өткен "Қызғалдақ" фестивалінде "Үздік сәндік қолданбалы өнер" номинациясы бойынша мектебіміздің 4 "В" сынып оқушысы Бостан Мирас үздік деп танылып, Алғыс хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. #қызғалдақ_фестивалі @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Ұстазымыздың ескерер еңбегі
10
май
2022
Ұстазымыздың ескерер еңбегі
Тарих ғылымдарының кандидаты, археолог, марқұм А.Нұржановтың 1990-2021 жж. аралығындағы Жетісу жеріндегі орта ғасырлардағы урбанизация, қалалық мәдениет және Ұлы жібек жолы мәселелеріне арналған 180-ге тарта ғылыми еңбектерінің ішіндегі таңдамалы мақалаларының жинағы жарыққа шықты. Сонымен қатар Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының Ғылыми кеңесі ұсынған "Қазақстан археологтарының антологиясы. Арнабай Әбішұлы Нұржанов" атты жинақ жарыққа шықты. Жоғарыда аталған екі еңбекті құрастырған
Мұғалім жетістігі
07
май
2022
Мұғалім жетістігі
7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің АӘТД пәнінің мұғалімі Енсебаев Бахытжан Ксенұлын Әуезов ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз! @akimat_auezov @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Оқушы жетістігі
03
май
2022
Оқушы жетістігі
12 сәуір — Ғарышкерлер күніне орай 27-30 сәуір күндері аралығында Байқоңыр қаласында өткен Таеквондадан өткен Халықаралық турнирде мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Айбекқызы Аяла жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мұғалім жетістігі
28
апрель
2022
Мұғалім жетістігі
Алматы қаласы Оқушылар сарайының базасында мектеп психологы Жолдасова Жадыра Мұратқызы "ҚР білім беру процесіне қатысушыларға тиімді психологиялық педагогикалық көмек көрсетудегі инновациялық технологиялар" тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, "Жоғары сынып оқушыларының креативті ойлауын дамытудың педагогикалық шарттары" тақырыбында баяндама оқыды.
"Айбын" әскери-спорттық жарысы
27
апрель
2022
"Айбын" әскери-спорттық жарысы
     Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 77 жылдығы, ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай аудандық "Айбын" әскери-спорттық жарысында мектебіміздің командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, жарысқа дайындаған жетекшісі, АӘ және ТД пәнінің мұғалімі Енсебаев Бакытжан Ксеновичке алғысымызды білдіреміз.
Жаңа Қазақстан — балалар көзімен
25
апрель
2022
Жаңа Қазақстан — балалар көзімен
      Аудандық білім бөлімі мен аудандық "Ұстаз" кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен "Жаңа Қазақстан — балалар көзімен" атты сурет салу конкурсында мектебіміздің 6 "Б" сынып оқушысы Макен Айша ІІІ орынды иеленіп, "Юный домостроитель" жазғы сауықтыру лагеріне жолдама алды. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.
ҰЛТ ҰСТАЗЫ
18
апрель
2022
ҰЛТ ҰСТАЗЫ
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "ҰЛТ ҰСТАЗЫ" атты эссе байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Балтабаева Фариза Арсланқызы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!  
Екі жұлдыз
08
апрель
2022
Екі жұлдыз
     17 наурыз күні мектебімізде музыка пәнінің мұғалімі Хасен Назеркенің ұйымдастыруымен "Екі жұлдыз" байқауы болып өтті. Аталған байқауда мұғалім мен оқушы жұп болып, киелі сахнада өнер көрсетті. Байқау соңында әділ қазы алқалары әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды марапаттады. 🎤🎼🎹🎷🎧📯🎸
Оқушы жетістігі
06
апрель
2022
Оқушы жетістігі
     Тараз қаласында өткен Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында мектебіміздің 8 "Б" сынып оқушысы Айбекқызы Ақханым І орынды 🥇иеленді. Айта кетейік, жүлдегер атанғандар ҚР ұлттық құрамасының қатарына еніп, әрі қарай шілдеде Болгария астанасында өтетін Әлем чемпионаты мен тамызда Моңғолия астанасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алады. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!