Жетістіктеріміз » Страница 6 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мәңгілік ел жастары
02
ноябрь
2021
Мәңгілік ел жастары
Қоғам қайраткері, тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай "Mäñgılık El jastary" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Алаш ардақтысы" атты Республикалық байқауға қатысып, жүлделі І орын алған мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Алмахан Дамирханды шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-шебер" біліктілік санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүсіпова Нұрлыгүл Әйіпқызына алғысымызды білдіреміз. @edu.almaty @almaty_mektepteri
Мұғалімдер жетістігі
13
октябрь
2021
Мұғалімдер жетістігі
"Білім әлемі" республикалық ғылыми-педагогикалық басылымына (№3 Орыс тілі мен әдебиеті) мектебіміздің орыс тілі пәнінің мұғалімдері Балмухамбетова Гульмира Кабулбековна мен Абдуллаева Гульмира Жусипахметовнаның мақалалары жарыққа шықты. Іс-тәжірибелерін республика көлемінде таратып жүрген ұстаздарымызға алғысымызды білдіреміз.
САРЫБАСТАУ
02
октябрь
2021
САРЫБАСТАУ
"Ұстаздар күні" мерекесі қарсаңында ұзақ жылдар бойы ағарту саласында еңбек етіп жүрген мектебіміздің ардагер ұстазы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, "Ы. Алтынсарин" төсбелгісінің иегері Кейкелов Талғат Бегімбетұлының "Сарыбастау" кітабының таныстырылымы болып өтті. Кітапта автордың өз қаламынан туындаған жауһар жырлары мен естелік жинақтары жарияланған.
Ұстаз жетістігі
09
август
2021
Ұстаз жетістігі
Daryn.online білім беру платформасы ұстаздарға арнап ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Шынгысова Айнур Куребаевна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Педагогика және оқыту әдістемесі бағыты бойынша қатысқан әріптесіміздің жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 🥉
Оқушы жетістігі
17
июль
2021
Оқушы жетістігі
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында Таэквонда (WT) спортынан 2004-2006 жылғы және 2007-2009 жылғы туылған оқушылар арасында өткен республикалық турнирінде мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Айбекқызы Аяла және 7 "Б" сынып оқушысы Айбекқызы Ақханым жүлделі І орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, турнирге дайындаған бапкері Шакиров Русланға алғысымызды білдіреміз.  P.S: айта кетейік, аталған турнирде Алматы қаласының командасы жалпы есепте 125 ұпаймен І
Оқушы жетістігі
08
июнь
2021
Оқушы жетістігі
"Bılım örkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген "ТМД-ның үздік дарынды оқушысы-2021" атты халықаралық байқауына қатысып жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Бекжан Айым марапатталды. Сонымен қатар аталған орталықтың арнайы төсбелгісімен және "ТМД-ның үздік дарынды оқушысы-2021" кітап жинағына мақаласы шықты. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Математика пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері
02
июнь
2021
Математика пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың
"Педагогика жанашыры" республикалық педагогикалық, ғылыми журналына мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы математика пәнінің мұғалімі Қарабаева Дина Бақтыбайқызының "Математика пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері" тақырыбындағы мақаласы жарыққа шықты. Аталған мақала жалпы білім беретін мектептерде математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру форматы туралы айтылған.
Еліміздің үздік педагогтар эстафетасы
24
май
2021
Еліміздің үздік педагогтар эстафетасы
"Өрлеу" біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы" АҚ ұйымдастыруымен өткен "Еліміздің үздік педагогтар эстафетасына" қатысып, қашықтан оқыту жағдайында өздерінің педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөліскен мектебіміздің "педагог-зерттеуші" біліктілік санатындағы информатика пәнінің мұғалімі Сағындық Айжан Оралбекқызы мен "педагог-модератор" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлын шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлы даланың дара ұстазы
21
май
2021
Ұлы даланың дара ұстазы
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ыбырай  Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Ұлы даланың дара ұстазы" атты республикалық қашықтық олимпиадасында мектебіміздің "педагог-зерттеуші" біліктілік  санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шынарбекова Алмагул Нурасиловна І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Үздік ғылыми жоба—2021
20
май
2021
Үздік ғылыми жоба—2021
Қазақстан Педагогтарының білімін дамыту және қолдау орталығының ұйымдастыруымен "Үздік ғылыми жоба—2021" Республикалық жас ғалымдар байқауында "Таза табиғи орта—адам дамуының негізі" номиинациясы бойынша мектебіміздің 8 "Б" сынып оқушысы Абдиев Данияр жүлделі І орынды иеленді. Жобаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы биология пәнінің мұғалімі Куатова Назгул Касеновнаға алғысымызды білдіреміз.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
18
май
2021
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және Педагогикалық ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен өткен "Тәуелсіздік дәуірі" атты қалалық эссе байқауында мектебіміздің 10 "Б" сынып оқушысы Жасболатова Жанар жүлделі ІІ орынды иеленді. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-шебер" біліктілік санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 10 сынып "Қазақ тілі" оқулығының авторы Дүсіпова Нұрлыгүл Әйіпқызына алғысымызды
Ұстаз жетістігі
17
май
2021
Ұстаз жетістігі
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған "Педагогикалық білім: тәжірибелер және теориялар" атты І республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы физика пәнінің мұғалімі Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы қатысып, жасаған баяндамасы үздік деп танылды. Оның "Нанотехнология— қазіргі заманауи физиканың жетістіктері" атты баяндамасы конференцияның мақалалар жинағында жарыққа шықты.
ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
12
май
2021
ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
"Izdenis" республикалық оқытушылар мен оқушылар порталының ұйымдастыруымен өткен Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай "ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ" патриоттық тақырыпта өткен республикалық байқаудың сурет номинациясы бойынша мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Нұржау Ақмерей І орынды, 9 "А" сынып оқушысы Ұзақ Әділ ІІ орынды және 3 "В" сынып оқушысы Бостан Мирас ІІІ орынды иеленді. Патриоттық тақырыпта сурет салу байқауына үздік шәкірттер дайындағаны үшін мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сулейменова
Ұстаз бен оқушы жетістігі
06
май
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
''Izdenis" Республикалық оқытушылар мен оқушылар порталының ұйымдастыруымен өткен Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық "Мағжан оқулары" байқауында "Жас толқын" номинациясы бойынша І орынды иеленген мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Есмухамбет Муслиманы шын жүректен құттықтаймыз. Аталған байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
06
май
2021
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.  Мектебімізде өткізілген "Үздік жас маман—2021" байқауының Бас жүлде иегері, мектеп дефектологы Тұрсұмұрат Әлия Нұрланқызының видео таныстырылымын және 4 "В"  сыныбымен өткізілген "Зейін, есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығу тапсырмалары" тақырыбындағы ашық сабағын назарларыңызға ұсынамыз.  #жасмаман #72мектеп