Оқушылар жетістіктері » Страница 5 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алматы Бала Fest" спорттық фестивальі
01
июнь
2022
"Алматы Бала Fest" спорттық фестивальі
"2022 жылы— Балалар жылы" аясында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай "Алматы Бала Fest" спорттық фестивальіне қатысқан мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз! @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
"Foodbattle" аспаздық марафоны
01
июнь
2022
"Foodbattle" аспаздық марафоны
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде "Foodbattle" аспаздық марафоны болып өтті. Аталған марафонға мектебіміздің 5 "А" және 5 "Б" сынып оқушылары қатысты. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
"Елбасы медалі" жобасы
25
май
2022
"Елбасы медалі" жобасы
"Елбасы медалі" жобасы жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған. Қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіреді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады. Ал жобаның финалына шыққандар алдағы жеңістерінің бастауы болатын - «Елбасы Медалімен»
"Тарих ата" қашықтық олимпиадасы
23
май
2022
"Тарих ата" қашықтық олимпиадасы
ҚР Білім және ғылым министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық "Тарих ата" қашықтық олимпиадасында жүлделі орын алған мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Олимпиадаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Несипакынова Фарида Канатовнаға алғысымызды білдіреміз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
"Тарих ата" қашықтық олимпиадасы
23
май
2022
"Тарих ата" қашықтық олимпиадасы
ҚР Білім және ғылым министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық "Тарих ата" қашықтық олимпиадасында жүлделі орын алған мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Олимпиадаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Әлдібек Толқын Жұмашқызына алғысымызды білдіреміз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Алматы —жасыл қала
20
май
2022
Алматы —жасыл қала
Балалар жылы аясында "Алматы —жасыл қала" атты эко-конкурстың аудандық кезеңінде мектебімізден 6 "Б" сынып оқушысы Ержанқызы Нұрай және 8 "Б" сынып оқушысы Қанибек Аяулым қатысты. Ауданымыздың орта білім беру ұйымдары арасында өткен эко-байқауда Қанибек Аяулымның мектеп ауласының ландшафты дизайны тақырыбындағы жобасы үздік деп танылып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Куатова Назгул Касеновнаға алғысымызды білдіреміз.
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
19
май
2022
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
Мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Кенже Арман "Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение" атты дарынды балалардың энциклопедиялық жинағына шықты. Арман— ғылыми жобалар мен конкурстарда жүлделі орын иеленіп жүрген озат оқушы. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
18
май
2022
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
Мектебіміздің 5 "Б" сынып оқушысы Зәлел Әмір "Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение" атты дарынды балалардың энциклопедиялық жинағына шықты. Әмір— таеквондадан республикалық турнирлердің жеңімпазы және ағылшын тілі, математика пәндерінен өткен олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орын иеленіп жүрген озат оқушы. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Русский медвежонок—языкознание для всех
12
май
2022
Русский медвежонок—языкознание для всех
"Дарын лэнд" зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен 2-11 сыныптар арасында өткен "Русский медвежонок—языкознание для всех" атты орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Халықаралық конкурста жүлделі орын алған мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз. Конкурсқа дайындаған жетекшісі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балмухамбетова Гульмира Кабулбековнаға алғысымызды білдіреміз. #русскиймедвежонок #орыстілі @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_
Үздік сәндік қолданбалы өнер
11
май
2022
Үздік сәндік қолданбалы өнер
Алматы қаласы "Рухани жаңғыру" орталығының ұйымдастыруымен өткен "Қызғалдақ" фестивалінде "Үздік сәндік қолданбалы өнер" номинациясы бойынша мектебіміздің 4 "В" сынып оқушысы Бостан Мирас үздік деп танылып, Алғыс хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. #қызғалдақ_фестивалі @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Оқушы жетістігі
03
май
2022
Оқушы жетістігі
12 сәуір — Ғарышкерлер күніне орай 27-30 сәуір күндері аралығында Байқоңыр қаласында өткен Таеквондадан өткен Халықаралық турнирде мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Айбекқызы Аяла жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа Қазақстан — балалар көзімен
25
апрель
2022
Жаңа Қазақстан — балалар көзімен
      Аудандық білім бөлімі мен аудандық "Ұстаз" кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен "Жаңа Қазақстан — балалар көзімен" атты сурет салу конкурсында мектебіміздің 6 "Б" сынып оқушысы Макен Айша ІІІ орынды иеленіп, "Юный домостроитель" жазғы сауықтыру лагеріне жолдама алды. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.
Оқушы жетістігі
20
апрель
2022
Оқушы жетістігі
      Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Қызғалдақ" фестивалінің аудандық кезеңінде "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша 7 "А" сынып оқушылары Абдукодирова Фарангиз ІІІ дәрежелі дипломмен және "Мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша Мамырбекова Амина ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Оқушы жетістігі
06
апрель
2022
Оқушы жетістігі
     Тараз қаласында өткен Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында мектебіміздің 8 "Б" сынып оқушысы Айбекқызы Ақханым І орынды 🥇иеленді. Айта кетейік, жүлдегер атанғандар ҚР ұлттық құрамасының қатарына еніп, әрі қарай шілдеде Болгария астанасында өтетін Әлем чемпионаты мен тамызда Моңғолия астанасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алады. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушалар жетістігі
23
март
2022
Оқушалар жетістігі
"Steps to the stars" продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен "Talented kids" республикалық конкурс-фестивалінде би номинациясы бойынша мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Мамырбекова Амина және 8 "А" сынып оқушысы Мамырбекова Айман "Бас жүлдені" иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_