Оқушылар жетістіктері » Страница 6 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушы жетістігі
15
март
2022
Оқушы жетістігі
12-13 наурыз күндері Алматы қаласында өткен жекпе-жек жарысында мектебіміздің 10 "А" сынып оқушысы Кулдарбеков Алихан І орын алып, Чемпиондық белбеуді иеленді. Сонымен қатар Алихан Жекпе-жек спорт шеберіне үміткер, Джиу Джитсу Дан спорт шебері үміткері екенін естеріңізге саламыз. Алиханды жеңісімен шын жүректен құттықтай келе, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_ @gulzira_moldabaykizi  
Оқушыларымыздың жетістіктері
08
март
2022
Оқушыларымыздың жетістіктері
Таэквондодан Алматы қаласының чемпионатында мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Айбекқызы Аяла 🥇І орынды және 8 "Б" сынып оқушысы Айбекқызы Ақханым 🥇І орынды иеленді. Жүлдегер оқушыларымыз алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Чемпионатына жолдама алды. Одан кейін әлем және Азия чемпионатына қатыса алады. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Біз оқушыларымызбен мақтанамыз!!!
01
март
2022
Біз оқушыларымызбен мақтанамыз!!!
1 наурыз— Алғыс айту күніне орай мектебіміздің 2017 жылғы бітірген түлегі Жолдыбай Жалғас Қуандықұлы мектепке келіп, сабақ берген ұстаздарын құттықтап, мектеп ұжымына алғысын білдірді. Бүгінде түлегіміз Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы бойынша шекара басқармасының “Мойылды” бөлімше бастығының орынбасары болып қызмет атқарады.
Оқушымыздың жетістігі
24
февраль
2022
Оқушымыздың жетістігі
Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІІ орын жүлдегері, мектебіміздің 10 "Б" сынып оқушысы Әлқожа Әлиманы шын жүректен құттықтаймыз. Әлиманың "Этномәдениеттану" секциясы бойынша "Қазақ қоғамындағы әйелдердің әлеуметтік-саяси мәртебесі (ХVIII-ХІХ ғғ.)" тақырыбындағы жобасы үздік деп танылып, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің грамотасымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі,
Мұқағали оқулары
21
январь
2022
Мұқағали оқулары
"Халықаралық Экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған ІV Республикалық "Мұқағали оқулары" атты мәнерлеп оқу онлайн-байқауында мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Алмахан Дамирхан жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай келе, байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Дүсіпова Нұрлыгүл Әйіпқызына
Мен Елбасымен мақтанамын
27
ноябрь
2021
Мен Елбасымен мақтанамын
26 қараша күні Қазақстан Жазушылар кітапханасында Әуезов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне" орай, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен жазу мәдениетін қалыптастыра отырып, үздіктерді анықтау мақсатында ұйымдастырған "Мен Елбасымен мақтанамын" аудандық эссе жазу байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Эссе жазу байқауына аудан мектептерінің оқушылары қатысып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде эссе жазған болатын. Аталған байқауда
Мәңгілік ел жастары
02
ноябрь
2021
Мәңгілік ел жастары
Қоғам қайраткері, тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай "Mäñgılık El jastary" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Алаш ардақтысы" атты Республикалық байқауға қатысып, жүлделі І орын алған мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Алмахан Дамирханды шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-шебер" біліктілік санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүсіпова Нұрлыгүл Әйіпқызына алғысымызды білдіреміз. @edu.almaty @almaty_mektepteri
Оқушы жетістігі
08
июнь
2021
Оқушы жетістігі
"Bılım örkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген "ТМД-ның үздік дарынды оқушысы-2021" атты халықаралық байқауына қатысып жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Бекжан Айым марапатталды. Сонымен қатар аталған орталықтың арнайы төсбелгісімен және "ТМД-ның үздік дарынды оқушысы-2021" кітап жинағына мақаласы шықты. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Үздік ғылыми жоба—2021
20
май
2021
Үздік ғылыми жоба—2021
Қазақстан Педагогтарының білімін дамыту және қолдау орталығының ұйымдастыруымен "Үздік ғылыми жоба—2021" Республикалық жас ғалымдар байқауында "Таза табиғи орта—адам дамуының негізі" номиинациясы бойынша мектебіміздің 8 "Б" сынып оқушысы Абдиев Данияр жүлделі І орынды иеленді. Жобаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы биология пәнінің мұғалімі Куатова Назгул Касеновнаға алғысымызды білдіреміз.
ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
12
май
2021
ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
"Izdenis" республикалық оқытушылар мен оқушылар порталының ұйымдастыруымен өткен Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай "ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ" патриоттық тақырыпта өткен республикалық байқаудың сурет номинациясы бойынша мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Нұржау Ақмерей І орынды, 9 "А" сынып оқушысы Ұзақ Әділ ІІ орынды және 3 "В" сынып оқушысы Бостан Мирас ІІІ орынды иеленді. Патриоттық тақырыпта сурет салу байқауына үздік шәкірттер дайындағаны үшін мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сулейменова
Ұстаз бен оқушы жетістігі
06
май
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
''Izdenis" Республикалық оқытушылар мен оқушылар порталының ұйымдастыруымен өткен Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық "Мағжан оқулары" байқауында "Жас толқын" номинациясы бойынша І орынды иеленген мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Есмухамбет Муслиманы шын жүректен құттықтаймыз. Аталған байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
Русский медвежонок—языкознание для всех
03
май
2021
Русский медвежонок—языкознание для всех
"Дарын" интеллектуалды орталығының ұйымдастыруымен өткен 3-11 сынып оқушылары арасында орыс тілінен "Русский медвежонок—языкознание для всех" атты Халықаралық конкурсында жүлделі орындарға ие болған мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз. Конкурсқа дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балмухамбетова Гульмира Кабулбековнаға алғысымызды білдіреміз.  #русскиймедвежонок  #конкурс #72мектеп
Оқушы жетістігі
25
апрель
2021
Оқушы жетістігі
Мектебіміздің жас әншісі, 5 "А" сынып оқушысы Бостан Нұрболат "Qazaq uly" тобының мүшесі. Аталған трио кеше ғана өткен Республикалық ән конкурсында 1 орынды иеленді және екі бейне баянға жолдама алды. Жуырда "7 TV" арнасынан көре аласыздар. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушы жетістігі
24
март
2021
Оқушы жетістігі
Ұлыстың ұлы күні —Наурыз  мейрамына орай Ықылас атындағы халық аспаптар музейінде ұйымдастырылған "Топжарған" зияткерлік сайысында мектебіміздің 9 "А"  сынып оқушысы Реметова Шынар "Бас жүлдені" және Реметова Шырын жүлделі І орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, сайысқа дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлына алғысымызды білдіреміз.
Ұстаз бен оқушы жетістігі
23
март
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
"ІНЖУ-МАРЖАН" атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық дәстүрлі өнер байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша І орын жүлдегері, мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.