Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
19
май
2022
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
Мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Кенже Арман "Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение" атты дарынды балалардың энциклопедиялық жинағына шықты. Арман— ғылыми жобалар мен конкурстарда жүлделі орын иеленіп жүрген озат оқушы. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
18
май
2022
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
Мектебіміздің 5 "Б" сынып оқушысы Зәлел Әмір "Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение" атты дарынды балалардың энциклопедиялық жинағына шықты. Әмір— таеквондадан республикалық турнирлердің жеңімпазы және ағылшын тілі, математика пәндерінен өткен олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орын иеленіп жүрген озат оқушы. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Сәбит Мұқановтың музей-үйіне экскурсия
17
май
2022
Сәбит Мұқановтың музей-үйіне экскурсия
17 мамыр күні тарих пәнінің мұғалімі Несипакынова Фарида Канатовна 8 "А" сыныбымен классик жазушы Сәбит Мұқановтың музей-үйіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында оқушылар жазушының қолданған заттары, еңбектері мен кітаптарымен танысып шықты. 1973 жылға дейін өзінің тұрған үйі, тәуелсіздік жылдарынан соң музей болып құрылған. Жазушының еңбектері әлемнің 27 тілінде аударылып, қалың оқырманға жол тартқан. Ол дүние-мүлікті емес, байлығы ретінде кітаптар жинаған. Осындай құнды жәдігерлермен
Русский медвежонок—языкознание для всех
12
май
2022
Русский медвежонок—языкознание для всех
"Дарын лэнд" зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен 2-11 сыныптар арасында өткен "Русский медвежонок—языкознание для всех" атты орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Халықаралық конкурста жүлделі орын алған мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз. Конкурсқа дайындаған жетекшісі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балмухамбетова Гульмира Кабулбековнаға алғысымызды білдіреміз. #русскиймедвежонок #орыстілі @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_
Үздік сәндік қолданбалы өнер
11
май
2022
Үздік сәндік қолданбалы өнер
Алматы қаласы "Рухани жаңғыру" орталығының ұйымдастыруымен өткен "Қызғалдақ" фестивалінде "Үздік сәндік қолданбалы өнер" номинациясы бойынша мектебіміздің 4 "В" сынып оқушысы Бостан Мирас үздік деп танылып, Алғыс хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. #қызғалдақ_фестивалі @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Оқушы жетістігі
03
май
2022
Оқушы жетістігі
12 сәуір — Ғарышкерлер күніне орай 27-30 сәуір күндері аралығында Байқоңыр қаласында өткен Таеквондадан өткен Халықаралық турнирде мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Айбекқызы Аяла жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа Қазақстан — балалар көзімен
25
апрель
2022
Жаңа Қазақстан — балалар көзімен
      Аудандық білім бөлімі мен аудандық "Ұстаз" кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен "Жаңа Қазақстан — балалар көзімен" атты сурет салу конкурсында мектебіміздің 6 "Б" сынып оқушысы Макен Айша ІІІ орынды иеленіп, "Юный домостроитель" жазғы сауықтыру лагеріне жолдама алды. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.
Мектеп кітапханасының бір күні
22
апрель
2022
Мектеп кітапханасының бір күні
КІТАПХАНА ТЫНЫСЫ. Құрметті инстаоқырмандар! Сіздердің назарларыңызға мектеп кітапханасының бір күнін ұсынамыз. Бүгін "Балалар жылы" аясында мектебіміздің 7 "А" сынып оқушылары мектеп кітапханасына келіп, ондағы кітап көрмесімен, жаңа түскен әдебиеттермен және мектеп мұғалімдерінің еңбектерімен танысты.
Оқушы жетістігі
20
апрель
2022
Оқушы жетістігі
      Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Қызғалдақ" фестивалінің аудандық кезеңінде "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша 7 "А" сынып оқушылары Абдукодирова Фарангиз ІІІ дәрежелі дипломмен және "Мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша Мамырбекова Амина ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Оқушы жетістігі
06
апрель
2022
Оқушы жетістігі
     Тараз қаласында өткен Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында мектебіміздің 8 "Б" сынып оқушысы Айбекқызы Ақханым І орынды 🥇иеленді. Айта кетейік, жүлдегер атанғандар ҚР ұлттық құрамасының қатарына еніп, әрі қарай шілдеде Болгария астанасында өтетін Әлем чемпионаты мен тамызда Моңғолия астанасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алады. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушалар жетістігі
23
март
2022
Оқушалар жетістігі
"Steps to the stars" продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен "Talented kids" республикалық конкурс-фестивалінде би номинациясы бойынша мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Мамырбекова Амина және 8 "А" сынып оқушысы Мамырбекова Айман "Бас жүлдені" иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Оқушы жетістігі
15
март
2022
Оқушы жетістігі
12-13 наурыз күндері Алматы қаласында өткен жекпе-жек жарысында мектебіміздің 10 "А" сынып оқушысы Кулдарбеков Алихан І орын алып, Чемпиондық белбеуді иеленді. Сонымен қатар Алихан Жекпе-жек спорт шеберіне үміткер, Джиу Джитсу Дан спорт шебері үміткері екенін естеріңізге саламыз. Алиханды жеңісімен шын жүректен құттықтай келе, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_ @gulzira_moldabaykizi  
Оқушыларымыздың жетістіктері
08
март
2022
Оқушыларымыздың жетістіктері
Таэквондодан Алматы қаласының чемпионатында мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Айбекқызы Аяла 🥇І орынды және 8 "Б" сынып оқушысы Айбекқызы Ақханым 🥇І орынды иеленді. Жүлдегер оқушыларымыз алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Чемпионатына жолдама алды. Одан кейін әлем және Азия чемпионатына қатыса алады. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Біз оқушыларымызбен мақтанамыз!!!
01
март
2022
Біз оқушыларымызбен мақтанамыз!!!
1 наурыз— Алғыс айту күніне орай мектебіміздің 2017 жылғы бітірген түлегі Жолдыбай Жалғас Қуандықұлы мектепке келіп, сабақ берген ұстаздарын құттықтап, мектеп ұжымына алғысын білдірді. Бүгінде түлегіміз Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы бойынша шекара басқармасының “Мойылды” бөлімше бастығының орынбасары болып қызмет атқарады.
Оқушымыздың жетістігі
24
февраль
2022
Оқушымыздың жетістігі
Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІІ орын жүлдегері, мектебіміздің 10 "Б" сынып оқушысы Әлқожа Әлиманы шын жүректен құттықтаймыз. Әлиманың "Этномәдениеттану" секциясы бойынша "Қазақ қоғамындағы әйелдердің әлеуметтік-саяси мәртебесі (ХVIII-ХІХ ғғ.)" тақырыбындағы жобасы үздік деп танылып, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің грамотасымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі,