Lesson Study (Сабақты зерттеу) бойынша 3 "А" және 9 "Б" сыныптары » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Lesson Study (Сабақты зерттеу) бойынша 3 "А" және 9 "Б" сыныптары
01
декабрь
2023

Lesson Study (Сабақты зерттеу) бойынша 3 "А" және 9 "Б" сыныптары

27 желтоқсан күні мектебімізде Lesson Study (Сабақты зерттеу) бойынша 3 "А" және 9 "Б" сыныптарында зерттеу сабақтары болып өтті. 3 "А" сыныбында математика пәнінен бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Нусупова Айзада Айгабыловна "Көбейту және бөлу тәсілдері" тақырыбында және 9 "Б" сыныбына физика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы "Жасанды жер серіктерінің қозғалысы" тақырыбында зерттеу сабақтарын жүргізді. Зерттеу сабақтарына Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының аға тренері Бипажанова Айман Биахметқызы және мектеп әкімшілігі мен зерттеу тобының мұғалімдері қатысты. Соңында мәжіліс залында диалог алаңы болып, тренер Айман Биахметқызы зерттеу жұмыстары бойынша бағыт-бағдарлар беріп, ұстаздар тарапынан туындаған сауалдарда жауап берді. Сонымен қатар мектепке "Сабақты зерттеу", "Сабақты бақылау" кітаптары мен "Педагогикалық диалог" журналын сыйға тартты.
Зерттеу сабағын жүргізген әріптестер мен қатысқан ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.