Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жер сілкінісі қаупі орын алған жағдайдағы әрекеттер» тақырыбында интерактивті сабақтар өткізілді.
12
февраль
2026

«Жер сілкінісі қаупі орын алған жағдайдағы әрекеттер» тақырыбында интерактивті сабақтар өткізілді.

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімімен бекітілген 2026 жылға арналған сейсмикалық жаттығу, нысанды жаттығу өткізу кестесіне сәйкес 30 қаңтарда №72 жалпы білім беретін мектепте оқушыларды, қызметкерлерді және жұмысшыларды ғимараттан көшіру бойынша практикалық іс-шаралар пысықталып, сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Оқушылар арасында оқу-жаттығу өткізілетіні туралы және оны өткізу барысында қандай іс-әрекеттер жасайтыны жөнінде толық көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әр сыныпта алдын ала «Жер сілкінісі қаупі орын алған жағдайдағы әрекеттер» тақырыбында интерактивті сабақтар өткізілді.