Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” атты мәнерлеп оқу сайысы  өтті
10
апрель
2026
“Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті
10 наурыз күні Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мәнерлеп оқу сайысы барысында оқушылар ақын өлеңдерін шеберлікпен, терең сезіммен жеткізіп, көркем сөздің құдіретін паш етті. Әрбір қатысушының орындауынан Абай мұрасына деген құрмет пен сүйіспеншілік айқын байқалды. Сонымен қатар, оқушылардың сөз өнеріне деген қызығушылығын арттырып, Абай шығармашылығын тереңірек тануға мүмкіндік берді. Абай мұрасы – ұрпаққа үлгі, рухани
Қалалық таланттар Саммиті
03
апрель
2026
Қалалық таланттар Саммиті
Сәуір айының 9-10 күндері 10 «Б» сынып оқушысы Макен Аиша Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өткен Қалалық таланттар Саммитіне қатысып, арнайы сертификатпен марапатталды. Саммиттің мақсаты - оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, жобалық және зерттеу дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ педагогтердін кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған тұрақты қалалық экожүйе құру.
“Листая страницы” атты аудандық сурет-иллюстрация байқауы
03
апрель
2026
“Листая страницы” атты аудандық сурет-иллюстрация байқауы
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай “Листая страницы” атты аудандық сурет-иллюстрация байқауында 9 “А” сынып оқушысы Айдарбекқызы Айшолпан жүлделі ІІІ 🥉орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 👏💐 Жетекшісі: Сулейменова Д.Н.
Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылған “Ұлттық ойындар - ұлттық қазына” челленджі.
17
март
2026
Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылған “Ұлттық ойындар - ұлттық
Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылған “Ұлттық ойындар - ұлттық қазына” челленджі.
Көркем еңбек пәні бойынша олимпиада
13
февраль
2026
Көркем еңбек пәні бойынша олимпиада
Жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен көркем еңбек пәні бойынша олимпиаданың аудандық кезеңінде мектебіміздің 5 “Б” сынып оқушысы Байжигитова Шұғыла жүлделі ІІІ 🥉 орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!👏💐 Жетекшісі: Сулейменова Д.Н.
“Менің Отаным- Қазақстан!” атты қалалық сурет байқауы
13
февраль
2026
“Менің Отаным- Қазақстан!” атты қалалық сурет байқауы
Қазақстан Республикасының күні және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдағанына 35 жыл толуына орай “Менің Отаным- Қазақстан!” атты қалалық сурет байқауында мектебіміздің 9 “А” сынып оқушысы Айдарбекқызы Айшолпан жүлделі ІІІ 🥉орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 👏💐. Жетекшісі: Сулейменова Д.Н.
«Қысқы қиял» балалар байқауының аудандық кезеңі
03
февраль
2026
«Қысқы қиял» балалар байқауының аудандық кезеңі
«Қысқы қиял» балалар байқауының аудандық кезеңінде 1 мен 4-сынып оқушылар қол өнер бағыты бойынша №72 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы Оразалықызы Аяна жүлделі І🥇орынды иеленді. Жетекшісі: Қабылбаева Диана Серікқызы
«Қысқы қиял» балалар байқауының аудандық кезеңі
03
февраль
2026
«Қысқы қиял» балалар байқауының аудандық кезеңі
«Қысқы қиял» балалар байқауының аудандық кезеңінде 1 мен 4-сынып оқушылар қол өнер бағыты бойынша №72 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы Досов Арсен жүлделі ІІІ 🥉орынды иеленді. Жетекшісі: Жайлыш Марфуға Айбекқызы 
«Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсы
02
февраль
2026
«Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен
ХХІ «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қалалық кезеңінде «Этномәдениеттану» секциясы бойынша мектебіміздің 3 “Б” сынып оқушысы Нурбек Жанна жүлделі ІІІ 🥉орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 💐👏 Жетекшісі: Балтабаева Фариза Арсланқызы.
“Алтын сақа” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
26
декабрь
2025
“Алтын сақа” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
Республикалық “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде мектебіміздің 3 “А” сынып оқушысы Оразхан Ханшайым жүлделі ІІ 🥈орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!👏💐 Жетекшісі: Нусупова Айзада Айгабыловна
“ZERTTE CHAMPIONSHIP 2025” қалалық ғылыми- инженерлік жарыс
18
декабрь
2025
“ZERTTE CHAMPIONSHIP 2025” қалалық ғылыми- инженерлік жарыс
“ZERTTE CHAMPIONSHIP 2025” қалалық ғылыми- инженерлік жарысының “Қызықты химия” бағыты бойынша мектебіміздің 10 “Б” сынып оқушылары Күшман Қуаныш, Зәлел Медина, Бейсембек Адия қатысып, сертификатпен марапатталды. Аталған жарысты Алматы қаласы Білім басқармасының “Оқушылардың шығармашылық инновациялық орталығы” КМҚК ұйымдастырған. Құттықтаймыз👏💐 Жетекшісі: Сейітқазы Н.С.
“Digital Minds: Жасанды интеллект дәуіріндегі мектеп - Қазақстанның тәуелсіз болашағы және роботтандырылған қоғамның дамуы” атты қалалық форум
27
ноябрь
2025
“Digital Minds: Жасанды интеллект дәуіріндегі мектеп - Қазақстанның
26 қараша күні №97 мектеп- гимназиясының базасында “Digital Minds: Жасанды интеллект дәуіріндегі мектеп - Қазақстанның тәуелсіз болашағы және роботтандырылған қоғамның дамуы” атты қалалық форум болып өтті. Аталған форумға мектебіміз белсенді қатысып, Алматы қаласы Білім басқармасының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Құттықтаймыз!
“Кітап оқитын ұлт” жобасы
27
ноябрь
2025
“Кітап оқитын ұлт” жобасы
25 қараша күні “Орталықтандырылған кітапхана жүйесі” КММ қарасты №14 кітапхана бөлімшесінде “Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында қаланың барлық аудандарынан жиналған оқырман клубтары арасында интеллектуалды-шығармашылық байқау болып өтті. Аталған байқауға мектебіміздің 6-сынып оқушыларынан құралған “Шам” оқырман клубы жүлделі ІІ 🥈орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!👏💐📚 Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байділдаева Мейрамкул Әбдімәлікқызы 
республикалық Физика пәнінен олимпиада және шахматтан турнирі
24
ноябрь
2025
республикалық Физика пәнінен олимпиада және шахматтан турнирі
21 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика- техника факультетінің базасында Ж.Өмірбеков атындағы жылсайынғы республикалық Физика пәнінен олимпиада және шахматтан турнир болып өтті. 🔎 Физикадан өткен олимпиадада 11 “Б” сынып оқушысы Ахмет Ержан - АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды. ♟️Шахматтан өткен турнирде 11 “Б” сынып оқушысы Қуанышбай Дінмұхамед АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды. 👨‍🏫 Жетекшісі: Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы
“Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы
19
ноябрь
2025
“Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және
Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен 5-11 сыныптарға арналған қалалық “ПОЛИГЛОТ” байқауында жүлдегер атанған мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз!💐👏 📌 Мұқан Еркеназ - 6 “А” сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен І 🥇орын. Жетекшісі: Абдуллаева Гульмира Жусипахметовна. 📌 Рахмет Сұлтан - 7 “Б” сынып оқушысы, физика пәнінен І 🥇орын. Жетекшісі: Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы.