Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Армандар аллеясына
17
май
2021
Армандар аллеясына
14 мамыр күні Grand Park сауда үйінде Әуезов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Dream way" іс-шарасы болып өтті. Іс-шараға мектебіміздің 11 "А" сынып оқушылары қатысып, "Армандар аллеясына" өз арман-тілектерін жазып, орналастырды. Бітіруші түлектеріміздің арман-тілектері орындалып, барлығына Мемлекеттік білім гранты нәсіп етсін.  #армандараллеясы #жастүлек2021 #72мектеп
Оқушы жетістігі
11
май
2021
Оқушы жетістігі
Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай назарларыңызға мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы, жас суретші Ұзақ Әділдің мерекеге орай салған суретін ұсынамыз. Әділге сан бояудың сырын ашқан хас суретші болып, биік белестерді бағындырсын демекпіз.
Жігіт сұлтаны—2021
07
май
2021
Жігіт сұлтаны—2021
4 мамыр күні мектебімізде қашықтан "7 мамыр—Отан қорғаушылар күні" және "9 мамыр — Жеңіс күні" мерекесіне орай 7-9 сыныптардың жігіттері арасында "Жігіт сұлтаны—2021" байқауы болып өтті. Байқаудың нәтижесі бойынша "Бас жүлдені" 8 "А" сынып оқушысы Монтайұлы Ақжан иеленсе, жүлделі І орын 9 "А" сынып оқушысы Ұзақ Әділге бұйырды. ІІ орынды 8 "Б" сынып оқушысы Есімхан Арнұр қанжығасына байласа, жүлделі ІІІ орынды 8 "А" сынып оқушысы Сағымбек Айбын, 7 "Б" сынып оқушысы Бауыржан Ерден және 7 "А"
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ 🎖
07
май
2021
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ 🎖
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ 🎖 Ұлы Отан соғысындағы даңқты Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай мектебіміздің кәсіподақ комитетінің төрайымы Балмухамбетова Гульмира Кабулбековна және бастауыш сынып мұғалімдері ауданымызда тұратын 99 жастағы майдангер, Ұлы Отан соғысының ардагері Мурзахметов Қабдрауш Алимгиреевичті құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Қабдрауш ата— соғыс жылдарында 100-ші атқыштар дивизиясында болып, қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметовамен бірге соғысқан. Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан барша
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
06
май
2021
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.  Мектебімізде өткізілген "Үздік жас маман—2021" байқауының Бас жүлде иегері, мектеп дефектологы Тұрсұмұрат Әлия Нұрланқызының видео таныстырылымын және 4 "В"  сыныбымен өткізілген "Зейін, есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығу тапсырмалары" тақырыбындағы ашық сабағын назарларыңызға ұсынамыз.  #жасмаман #72мектеп
"Ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран"
06
май
2021
"Ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран"
6 мамыр күні алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Енсебаев Бакытжан Ксенович пен 10 «А» сынып жетекшісі Сағындық Айжан Оралбекқызының ұйымдастыруымен "Ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран" тақырыбында Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісінің 76 жылдығына орай бейнебаян жасады. Аталған бейне көрсетілімді 6 мамыр күні 1-11 сыныптарда бірінші сабақта оқушыларға көрсетілді. Мұндағы мақсат: Ұлы Жеңіс үшін жанын берген ата-баба ерліктерін насихаттау болып табылады.
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
05
май
2021
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.  Мектебімізде өткізілген "Үздік жас маман—2021" байқауының І орын иегері, бастауыш сынып мұғалімі Мағурпбай Арайлым Ниязқызының видео таныстырылымын және 2 "Б"  сыныбымен өткізілген математика пәнінен "Өткенді бекіту" тақырыбындағы ашық сабағын назарларыңызға ұсынамыз.  #жасмаман #72мектеп
Оқуға құштар мектеп—Читающая школа
05
май
2021
Оқуға құштар мектеп—Читающая школа
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында "Оқуға құштар мектеп—Читающая школа" жобасы мектебімізде де жалғасын тапты. Жобаның мақсаты: көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру. Осы орайда назарларыңызға мектеп кітапханасының кішкентай оқырмандары, мектебіміздің 4 "А" сынып оқушыларының видеокөрсетілімін ұсынамыз.
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
04
май
2021
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.  Мектебімізде өткізілген "Үздік жас маман—2021" байқауының ІІІ орын иегері, информатика пәнінің мұғалімі Қаржау Ақгүл Бейбітқызының видео таныстырылымын және 4 "Б"  сыныбымен өткізілген "Электронды поштамен файлдарды қабылдау" тақырыбындағы ашық сабағын назарларыңызға ұсынамыз.  #жасмаман #72мектеп
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
04
май
2021
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.  Мектебімізде өткізілген "Үздік жас маман—2021" байқауының ІІ орын иегері, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Қазбек Ардақ Сәкенқызының видео таныстырылымын және 2 "А"  сыныбымен өткізілген "Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз" тақырыбындағы ашық сабағын назарларыңызға ұсынамыз.  #жасмаман #72мектеп
Оқушы жетістігі
30
апрель
2021
Оқушы жетістігі
29 сәуір күні қашықтан zoom платформасында қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен "Бір ел—бір тағдыр" тақырыбында шығарма сайысы болып өтті. 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жоспарланған сайысқа мектебіміздің 7-10 сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде  Бас  жүлде: Ибраева Аруна (7 "А"); І орын:  Әлқожа Алима (9 "А") және Айдынқызы Айгерім (10 "А"); ІІ орын:  Ибараева Амира (10 "Б") және Писамбаева Аружан (8 "А"); ІІІ орын:  Тұрғынбекова Тоғжан (9
"Nur Otan" партиясының Әуезов аудандық филиалында кезектен тыс 31-ші конференциясы болып өтті.
28
апрель
2021
"Nur Otan" партиясының Әуезов аудандық филиалында кезектен тыс 31-ші
27 сәуір күні "Nur Otan" партиясының Әуезов аудандық филиалында кезектен тыс 31-ші конференциясы болып өтті. Конференция барысында 2019-2020 жылдың саяси кеңес бюросының есебі қаралды. Сондай-ақ саяси кеңес бюросының жаңа мүшелері қабылданды. Кезектен тыс конференцияға делагат болып мектебіміздің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сайдағали Демежан Серікбосынұлы қатысты.
Ынтымақ —достық кепілі
27
апрель
2021
Ынтымақ —достық кепілі
27 сәуір күні №72 жалпы білім беретін мектепте 1-4 сыныптар арасында "Ынтымақ —достық кепілі", 5-11 сыныптар арасында "Тілі басқа, тілегі бір біргеміз" тақырыбында ашық сынып сағаттары болып өтті. Интернет платформаларын қолдана отырып, қашықтан өткізілген сынып сағаттары 1-мамыр —Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жоспарланған.
Үздік жас маман —2021
27
апрель
2021
Үздік жас маман —2021
27 сәуір күні №72 жалпы білім беретін мектепте "Үздік жас маман —2021" байқауының ақтық кезеңі болып өтті. Қашықтан zoom платформасында өткізілген байқауға ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтаған және ортамызға жаңадан келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандар қатысты. Байқау 2 кезеңнен тұрды. "Бүгінгі жас маман—ертеңгі болашақ білікті ұстаз" атты бірінші кезеңде жас мамандар өз пәндерінен ашық сабақтар жүргізді. Екінші кезең бойынша "Менің
1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні
27
апрель
2021
1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні
"1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні" және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жоспарланған іс-шаралар аясында назарларыңызға "Бірлігі жарасқан —Қазақстан" тақырыбындағы онлайн сурет байқауындағы 3-11 сынып оқушыларының жұмыстарын  ұсынамыз.  Онлайн байқауды ұйымдастырған мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Байсуйеуова  Гулсайран Бекеновна мен Сулейменова Динара Нуржакыповнаға және жоғарыдағы аталған сыныптардың жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.