Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Өнерлінің өрісі кең
26
апрель
2021
Өнерлінің өрісі кең
Сәуір айының 5-16 күндері аралығында өткен "Өнерлінің өрісі кең" атты Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігі он күндігі аясында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткен бірлестік ұстаздарына алғысымызды білдіреміз. Назарларыңызға видеокөрсетілімді ұсынамыз.
Атадан мал қалғанша, тал қалсын
26
апрель
2021
Атадан мал қалғанша, тал қалсын
    "Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген халық даналағы. Осы орайда мектеп ауласын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары аясында мектебіміздің 11 "А" сынып оқушысы Күнболатқызы Ақниеттің ата-анасы 3 түп арша көшетін отырғызып, абаттандыру жұмыстарына өз үлесін қосты.  Мектеп ұжымы атынан демеушілік жасаған ата-ана Күнболат Өміржанов пен Гүлім Ердіханқызына алғысымызды білдіреміз.
Мамандық таңдаудың маңызы
21
апрель
2021
Мамандық таңдаудың маңызы
21 сәуір күні №72 жалпы білім беретін мектепте қашықтан zoom платформасында "Мамандық таңдаудың маңызы" тақырыбында кәсіптік бағдар беру мақсатында семинар болып өтті. Аталған семинарға мектебіміздің бітіруші 9-11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары, ұстаздар қатысты. Семинар барысында оқушыларға мамандық бойынша бағыт-бағдар берілді. Мектеп психологы Жолдасова Жадыра Мұратқызы психологиялық тренинг өткізді. Қатысушылар тарапынан сындарлы кері байланыстар берілді. Аталған семинарды жоғары
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары жайлы таныстырылып өтті
20
апрель
2021
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары жайлы таныстырылып өтті
№72 жалпы білім беретін мектебінде сәуірдің 20-і күні 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өтілді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға су туралы мағлұмат бере отырып, оқушыларды суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары жайлы таныстырылып өтті.Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау екендігі айтылып өтті. Бастауыш 4-сыныптар арасында «суда өзін-өзі ұстау мәдениетін жетілдіру»
Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей
17
апрель
2021
Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей
Лев Толстой: "Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей".  Осы орайда мектебіміздегі эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында буккросинг жобасы өз жалғасын тапты. Ұйымдастырылған іс-шараға бірлестік ұстаздары өздерінің оқыған кітаптарын ұсынып, буккросинг сөресі жаңа кітаптармен толықты.
Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі
16
март
2021
Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі
"Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт—секунд сайын жаңарған ақпарат заманы".  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.  Мемлекет басшысы "Қандай кітап оқып жатырсыз?" челлендж-эстефетасын бастап, оны барша Отандастарға, әсіресе жастарға жолдайтынын жеткізген болатын. Осы орайда мектебімізде мектеп кітапханашысы Нуркешова Фарида Махмутовнаның ұйымдастыруымен кітап көрмесі болып өтті. Онда Президент ұсынған кітаптар қойылды.
Алғыс айту күні
01
март
2021
Алғыс айту күні
Шұғылалы көктемнің алғашқы күні—Алғыс айту күніне орай мектебіміздің 9 "А" сынып оқушылары (сынып жетекшісі Балмухамбетова Гулмира Кабулбековна) мектептегі ұстаздар қауымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өз алғыстарын білдірді. #1наурызалғысайтукүні #72мектеп @edu.almaty @akimat_auezov @auezovpoo_ @72_mektep  
Директорлық сенбі—ата-ана үні
01
март
2021
Директорлық сенбі—ата-ана үні
27 ақпан күні zoom платформасында қашықтан "Директорлық сенбі—ата-ана үні" атты ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 5-7 сынып ата-аналары қатысып, көкейде жүрген сауалдарына жауаптарын алды. Жиналыста мектеп психологы Жолдасова Жадыра Муратовна психологиялық тұрғыдан кеңес берді. Жиналысты мектеп директоры Сариева Гүлзира Молдаб айқызы қорытындылап, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ашық сұрақ алаңы
28
февраль
2021
Ашық сұрақ алаңы
27 ақпан күні мәжіліс залында мектеп координаторы, директортың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Иманова Гулжан Мухаметказиновна мен мектеп тренері, бастауыш сынып мұғалімі Шынгысова Айнур Куребаевнаның ұйымдастыруымен "Ашық сұрақ алаңы" болып өтті. Аталған әдістемелік семинарға мектебіміздің нысаналы 3 "Б" және 8 "Б" сынып пән мұғалімдері қатысты. Зерттеу сабақтарында жеткен жетістіктер мен кеткен кедергілер талқыланып, кері байланыстар берілді. Семинар соңы кофе-брейкпен
Азаматтық қорғаныс күні
26
февраль
2021
Азаматтық қорғаныс күні
1 наурыз —Азаматтық қорғаныс күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің спорт залында спорттық эстафета болып өтті. Эстафетаға мектебіміздің 9 "А" кезекші сыныбы қатысты. Эстафета барысында олар противогаз кию, зардап шеккендерді тасымалдау, алғашқы медициналық көмек көрсету, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану жаттығуларын жасады.
Ұлттық спорт түрлер
25
февраль
2021
Ұлттық спорт түрлер
ҚР Тәуелсізлігінің 30 жылдығына орай 23 ақпан күні ұлттық спорт түрлері бойынша балалар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Аталған жарысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар  А.Т.Едилова және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері ұйымдастырды.
Азаматтық қорғаныс күні
24
февраль
2021
Азаматтық қорғаныс күні
23 ақпан күні 5—11 сыныптар арасында 1 наурыз — Азаматтық қорғаныс күніне орай онлайн және офлайн форматта тәрбие сағаттары болып өтті.  #деньГОвАлматы  #деньГОАуэзов
Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні
22
февраль
2021
Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы №72 жалпы білім беретін мектепте Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай іс-шаралар өтілуде.         1 наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні атап өтіледі. Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар (АҚ пен ТЖ) қызметтерін тосын