Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Теориядан тәжірибеге: болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика нәтижелері» атты қорытынды конференция
10
апрель
2026

«Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Теориядан тәжірибеге: болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика нәтижелері» атты қорытынды конференция

2026 жылдың 10 сәуір күні мектеп директоры Журынова Гаухар Абаевна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманова Гульжан Мухаметказиновна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаменті «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Теориядан тәжірибеге: болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика нәтижелері» атты қорытынды конференцияға қатысып, болашақ мамандарға қолдау көрсетіп, олардың кәсіби дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Аталған конференция білім алушылардың педагогикалық практика барысында қол жеткізген нәтижелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және білім беру ұйымдары мен университет арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.