Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұғалімнің инновациялық технологияларды қолдануы, оқушылардың коммуникативтік - ақпараттық құзыреттілігінің дамуына әсері
23
октябрь
2021
Мұғалімнің инновациялық технологияларды қолдануы, оқушылардың
22 қазан күні "Озат тәжірибе мектебі" мұғалімдерінің онкүндігі аясында "Өрлеу" БАҰО" тренері Гүлбала Кеніштайқызы мен "педагог-зерттеуші" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Несипакынова Фарида Канатовна мектеп ұстаздарына "Мұғалімнің инновациялық технологияларды қолдануы, оқушылардың коммуникативтік - ақпараттық құзыреттілігінің дамуына әсері" тақырыбында коучинг-практикум болып өтті. Практикум барысында Гүлбала Кеніштайқызы сабақ үдерісінде қолданатын мультимедиялық әдіс-тәсілдер
Үздік күйші
22
октябрь
2021
Үздік күйші
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында "Патриоттық рух—басты құндылық" атты жобаның іс-шараларына белсенді қатысып, "Үздік күйші" байқауында Алғыс хатпен марапатталған мектебіміздің 8 "Б" сынып оқушысы Турлыбек Исаны шын жүректен құттықтаймыз. Өнерің өрге жүзе берсін.
Мектеп және сынып мәдениеті. Мінсіз мұғалім
21
октябрь
2021
Мектеп және сынып мәдениеті. Мінсіз мұғалім
20 қазан күні "Озат тәжірибе мектебі" мұғалімдерінің онкүндігі аясында "педагог-зерттеуші" біліктілік санатындағы бастауыш сынып мұғалімі, мектеп тренері Шынгысова Айнур Куребаевнаның ұйымдастыруымен "Мектеп және сынып мәдениеті. Мінсіз мұғалім" тақырыбында коучинг болып өтті. Коучингте мектеп ұстаздары "Мінсіз мұғалім" және "Мінсіз оқушы" болып екі топқа бөлініп, тапсырмалар орындады. Аталған коучингты жоғары деңгейде ұйымдастырған Айнур Куребаевнаға алғысымызды білдіреміз.
"Оқу-әдістемелік құралдарын қалай жасаймыз?" тақырыбында коучинг болып өтті
18
октябрь
2021
"Оқу-әдістемелік құралдарын қалай жасаймыз?" тақырыбында коучинг
18 қазан күні "Озат тәжірибе мектебі" мұғалімдерінің он күндігі аясында мектебіміздің "педагог- шебер" біліктілік санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүсіпова Нұрлыгүл Әйіпқызы "Оқу әдістемелік құралдарын қалай жазамыз?" тақырыбында коучинг өткізді. Коучингке мектеп ұстаздары қатысып, өзара тәжірибе алмасып, тапсырмалар орындады. Аталған коучинг жоғары деңгейде өтіліп, өз мақсатына жетті. Естеріңізге сала кетсек, Дүсіпова Нұрлыгүл Әйіпқызы 9 сыныптағы Арман ПВ баспасынан шыққан
"Тәуелсіз елдің ұланымыз" тақырыбындағы квест
16
октябрь
2021
"Тәуелсіз елдің ұланымыз" тақырыбындағы квест
15 қазан — Кітапханашылар күніне орай С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында "Тәуелсіз елдің ұланымыз" атты кітапхана квесті болып өтті. Аталған квестке мектебіміздің 6 "А" сынып оқушысы Серикова Аружан мен 5 "А" сынып оқушысы Турлина Елдана қатысып,  интеллектуалды ойындар мен түрлі викториналық сұрақтарға жауап берді. Кітапхана квестіне дайындаған  мектеп кітапханашысы Нуркешова Фарида Махмутовнаға және аталған сыныптардың жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.  P. S:  15
Мұғалімдер жетістігі
13
октябрь
2021
Мұғалімдер жетістігі
"Білім әлемі" республикалық ғылыми-педагогикалық басылымына (№3 Орыс тілі мен әдебиеті) мектебіміздің орыс тілі пәнінің мұғалімдері Балмухамбетова Гульмира Кабулбековна мен Абдуллаева Гульмира Жусипахметовнаның мақалалары жарыққа шықты. Іс-тәжірибелерін республика көлемінде таратып жүрген ұстаздарымызға алғысымызды білдіреміз.
Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман
07
октябрь
2021
Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман
Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру мақсатында қазан айының 7-і күні жас мамандармен мектеп психологы Жолдасова Жадыра Мұратқызы психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында жас мамандар бір-бірімен сұрақ-жауап алмасып, жаттығулар мен ойындар ойналды. Тренинг соңында жас мамандарға психологиялық кеңестер берілді. Психологиялық тренингті жоғары деңгейде  ұйымдастырған мектеп психологы Жадыра
"Қазақстан— тас дәуірінде" тақырыбында музей-сабақ өткізді
07
октябрь
2021
"Қазақстан— тас дәуірінде" тақырыбында музей-сабақ өткізді
6 қазан күні мектебіміздің "педагог-зерттеуші" біліктілік  санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Несипакынова Фарида Канатовна 11 сынып  оқушыларымен ҚР мемлекеттік орталық мұражайына барып, "Қазақстан— тас дәуірінде" тақырыбында музей-сабақ өткізді. Мұндағы мақсат: оқушыларға Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың пайда болуы, олардың мекен еткен жерлері мен қолданған құралдары, өмір салттарымен таныстыру. Музей-сабақ барысында оқушылар сол дәуірдегі жәдігерлермен танысып, мол мәлімет жинап
Ынтымақтастық меморандумы
05
октябрь
2021
Ынтымақтастық меморандумы
5 қазан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері және дінтану» пәндері бойынша тренері Гүлбала Кеніштайқызы мектебімізде болып, аталған орталық пен  "№72 жалпы білім беретін мектеп" КММ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық шеңберінде білім беру саласында тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік, консультациялық
САРЫБАСТАУ
02
октябрь
2021
САРЫБАСТАУ
"Ұстаздар күні" мерекесі қарсаңында ұзақ жылдар бойы ағарту саласында еңбек етіп жүрген мектебіміздің ардагер ұстазы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, "Ы. Алтынсарин" төсбелгісінің иегері Кейкелов Талғат Бегімбетұлының "Сарыбастау" кітабының таныстырылымы болып өтті. Кітапта автордың өз қаламынан туындаған жауһар жырлары мен естелік жинақтары жарияланған.
Ата-аналар жиналысы
17
сентябрь
2021
Ата-аналар жиналысы
17 қыркүйек күні №72 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сыныптар арасында қашықтан ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:  1. Оқу жылының басталуы туралы жаңа мақсат-міндеттермен танысу.  2. Мектептің ережесімен таныстыру.  3. Кіріс бақылаулардың нәтижесін талдау.  4. Оқушылар ережесімен таныстыру.  5. "Үлгілі ата-ана" тренинг.  Zoom платформасында ұйымдастырылған ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде өтіп, ата-аналар көкейдегі сауалдарына жауаптарын алды.
Әкем, Анам және Мен
15
сентябрь
2021
Әкем, Анам және Мен
15 қыркүйек күні мектебіміздің спорт залында Халықаралық Отбасы күніне орай 5 сыныптар арасында "Әкем, Анам және Мен" атты спорттық эстафеталық сайыс болып өтті. Аталған сайысқа 5 "А" сыныбынан "Шаңырақ" және 5 "Б" сыныбынан "Қыран" тобы қатысып, оқушылар және олардың ата-аналары өзара бақ сынасты. Эстафеталық сайысты жоғары деңгейде ұйымдастырған мектебіміздің тәрбие бөлімі мен дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне және қатысқан сыныптардың жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.
ЖАҚСЫЛЫҚ—ЖАННЫҢ ШУАҒЫ.
18
август
2021
ЖАҚСЫЛЫҚ—ЖАННЫҢ ШУАҒЫ.
ЖАҚСЫЛЫҚ—ЖАННЫҢ ШУАҒЫ. 2021 жылдың жаңа оқу жылынан бастап оқуға даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қолдау көрсету мақсатында "Мектепке жол" атты жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы жүргізілуде. Әрбір бүлдіршіннің мектепке барар жолы қуаныштан басталып, жарқын болашаққа қадам басуына еліміздің кез келген азаматы ат салыса алады .  #мектепкежол  #қайырымдылық
Ұстаз жетістігі
09
август
2021
Ұстаз жетістігі
Daryn.online білім беру платформасы ұстаздарға арнап ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Шынгысова Айнур Куребаевна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Педагогика және оқыту әдістемесі бағыты бойынша қатысқан әріптесіміздің жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 🥉
Оқушы жетістігі
17
июль
2021
Оқушы жетістігі
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында Таэквонда (WT) спортынан 2004-2006 жылғы және 2007-2009 жылғы туылған оқушылар арасында өткен республикалық турнирінде мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Айбекқызы Аяла және 7 "Б" сынып оқушысы Айбекқызы Ақханым жүлделі І орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, турнирге дайындаған бапкері Шакиров Русланға алғысымызды білдіреміз.  P.S: айта кетейік, аталған турнирде Алматы қаласының командасы жалпы есепте 125 ұпаймен І