Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектепте сабақты зерттеу үдерісін енгізуді басқару: нәтижелер мен кедергілер
30
январь
2021
Мектепте сабақты зерттеу үдерісін енгізуді басқару: нәтижелер мен
28 қаңтар күні Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы мен №72 жалпы білім беретін мектептің ұйымдастыруымен қашықтан zoom платформасында "Мектепте сабақты зерттеу үдерісін енгізуді басқару: нәтижелер мен кедергілер" тақырыбында конференция болып өтті. Конференцияда мектеп директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызы, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Иманова Гульжан Мухаметказиновна және мектеп тренері Шынгысова Айнур Куребаевна баяндама жасап, "нысаналы
Заманауи ұстаз қандай болуға тиіс?
17
январь
2021
Заманауи ұстаз қандай болуға тиіс?
16 қаңтар күні мектебімізде "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының "Мектеп көшбасшылары" курсының тыңдаушысы, мектеп директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызының ұйымдастыруымен қашықтан "Заманауи ұстаз қандай болуға тиіс?" тақырыбында коучинг болып өтті. Коучингте заманауи ұстаз қандай болуы керектігіне мектеп мұғалімдері өз ойларын айтты. Сонымен қатар коучер педагог кадрлар мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдық міндеттерімен таныстырып
Алматы ұстазы
16
январь
2021
Алматы ұстазы
"Алматы ұстазы" республикалық ақпараттық-танымдық журналының №4 (57) санында  мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Төлегенов Абылай Көпбергенұлының "Қашықтан білім беруде "Өрлеудің" мұғалімдерге әдістемелік көмегі" тақырыбындағы мақаласы және мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Игэлэг Қарақаттың "Оқушылардың оқырмандық қабілетін дамытуда қазақ әдебиеті сабағында эпикалық шығармаларды оқытудың маңызы" атты мақаласы жарыққа шықты. Сонымен қатар
Жас ұстаз жетістігі
12
январь
2021
Жас ұстаз жетістігі
11 қаңтар күні сағат 20:00-де  Республикалық "Qazbilim" орталығында @qazbilim QAZBILIM TV арнасының тікелей эфирінде мектебіміздің география пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Қадырханова Жансая Жәнібекқызының география пәнінен "Африка" тақырыбындағы сабағы болып өтті. Аталған сабақ орта білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдері мен ҰБТ-да география пәнін таңдаған оқушыларға арналған. Жас ұстазымызға шығармашылық табыстар тілейміз.
"Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Республикалық жасөспірімдер байқауы
09
январь
2021
"Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Республикалық жасөспірімдер
"Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Республикалық Фариза Оңғарсыновaның өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша мектебіміздің 6 "А" сынып оқушысы Мамырбекова Амина жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, сайысқа дайындаған жетекшісі, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.  P. S:  аталған байқауды
Мектепке сабақты зерттеу үдерісін қалай тиімді енгіземіз?
28
декабрь
2020
Мектепке сабақты зерттеу үдерісін қалай тиімді енгіземіз?
25 желтоқсан күні Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік  орталығының тыңдаушысы, мектебіміздің директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызының ұйымдастыруымен "Мектепке сабақты зерттеу үдерісін қалай тиімді енгіземіз?" тақырыбында коучинг болып өтті. Коучингте мектептегі "Сабақты зерттеу" үдерісін басқарудың маңыздылығы жайлы айтып өтілді. Диалог алаңында мектеп ұстаздары өз ойларын айтты. Аталған коучинг келесі күні жалғасын тауып, 26 желтоқсан күні "Іс-әрекеттегі зерттеудің сұрақтарын қалай
Сәкеннің өнегелі жолы
21
декабрь
2020
Сәкеннің өнегелі жолы
"Сәкеннің өнегелі жолы" атты жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" акциясы аясында мектебімізде 1-11 сыныптар арасында адалдық сағат ы болып өтті.
Қашықтан оқыту кезінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану қаншалықты ұтымды?
21
декабрь
2020
Қашықтан оқыту кезінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану
20 желтоқсан күні №72 жалпы білім беретін мектепте zoom платформасында "Қашықтан оқыту кезінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану қаншалықты ұтымды?" тақырыбында коучинг болып өтті. Коучингты мектебіміздің озат тәжірибелі ұстазы, тарих пәнінің мұғалімі Несипакынова Фарида Канатовна жүргізді. Коучингке мектеп ұстаздарымен қатар Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарынан мектеп басшылары мен ұстаздары қатысты. Коучингте мектеп мұғалімдері 4 топқа бөліп, өздеріне берілген сұрақтар бойынша zoom-дағы
Ең үздік сурет
21
декабрь
2020
Ең үздік сурет
"Педагог" Республикалық озат педагогтар порталының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен ІІ Халықаралық "Менің Отаным— Тәуелсіз Қазақстаным" атты шығармашылық байқауына "Ең үздік сурет" номинациясы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсетіп, І орын иеленген мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Ұзақ Әділді шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған ұстазы, мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сулейменова Динара Нуржакыповнаға алғысымызды білдіреміз.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
19
декабрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
"Ustaz tilegi" Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Желтоқсан" айындағы Блиц-турнирде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Нусупова Айзада Айгабыловна І дәрежелі дипломмен, химия пәнінің мұғалімі Сейітқазы Нұрсұлтан Советбекұлы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Озат тәжірибелі ұстаз бен жас ұстазымыздың жетістіктері құтты болсын!
Нашақорлықтың алдын алу
18
декабрь
2020
Нашақорлықтың алдын алу
10 желтоқсан күні №72 жалпы білім беретін мектепте 9-10 сынып оқушыларына "Нашақорлықтың алдын алу" тақырында қашықтан дәріс өткізілді. Дәрісті қалалық наркологиялық орталықтың нарколог-дәрігері Анна Александровна жүргізді. Оқушылар маманға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
18
декабрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
Daryn.Online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олипиада сайты бірлесіп ұстаздарға арнап ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Игэлэк Қарақат ІІ дәрежелі дипломмен, физика пәнінің мұғалімі Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік—елімнің еркін жолы
17
декабрь
2020
Тәуелсіздік—елімнің еркін жолы
15 желтоқсан күні 1-11 сыныптар арасында  Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік—елімнің еркін жолы" атты тәрбие сағаттары болып өтті. Тәрбие сағаттары қашықтық форматта, Zoom платформасында өтілді.
"Nur Otan" партиясының алғыс хаты
07
декабрь
2020
"Nur Otan" партиясының алғыс хаты
1 желтоқсан —Тұңғыш Президент күніне орай мектебіміздің "Болашақ 72" бастауыш партия ұйымы "Nur Otan" партиясының Алматы қаласы филиалы төрағасы, қала әкімі Б. Ә. Сағынтаевтың "Алғыс хатымен" марапатталды. Алғыс хатты "Nur Otan" партиясының  Әуезов аудандық филиалы төрағасы, аудан әкім С. Т. Сайфеденов мереке қарсаңында үздік бастауыш партия ұйымдарын марапаттау салтанатында табыстады. "Болашақ 72" бастауыш партия ұйымы төрағасы Төлегенов Абылай Көпбергенұлы және мектебіміздің бастауыш партия
Кім мықты?
03
декабрь
2020
Кім мықты?
Бүгін мектебіміздің 7 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары "Хабар" телеарнасындағы білім мен біліктілікті сынау мақсатында ұйымдастырылған "Кім мықты?" бағдарламасына қатысып қайтты. Аталған бағдарламаның 5 кезеңі де қызықты өтті. Бағдарламаға қатысқан оқушылар мен ата-аналарына және де мектебіміздің пән мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз.  Құрметті оқырман! Хабар арнасы түсірген "Кім мықты? " бағдарламасын алдағы уақыттa көгілдір экраннан көре аласыздар.