15
апрель
2026
«Дабыл сөмкесінің арналуы мен жиынтығы» тақырыптарында үздік бейнежазбалар байқауы
Мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында 05 наурыз күні жасанды интеллект жүйелерін пайдалану арқылы «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам», «Дабыл сөмкесінің арналуы мен жиынтығы» тақырыптарында үздік бейнежазбалар байқауы өткізілді.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, заманауи технологияларды тиімді қолдану дағдыларын дамыту, сондай-ақ төтенше жағдайларда қауіпсіздік ережелерін насихаттау болды.Байқау барысында оқушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мазмұнды әрі креативті бейнежазбалар дайындады. Қатысушылар жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын, алғашқы әрекеттерді және дабыл сөмкесінің қажетті құрамын жан-жақты түсіндіріп, өз жұмыстарында жауапкершілік пен ізденімпаздықтарын көрсетті.Ұсынылған бейнежазбалар мазмұнының сапасы, шығармашылық көзқарасы және техникалық орындалуы бойынша бағаланды. Нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды
https://www.instagram.com/reel/DXJkI7eCMcc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DXJkI7eCMcc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==