Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпы ата- аналар жиналысы
26
январь
2022
Жалпы ата- аналар жиналысы
26 қаңтар күні 1-4 сыныптар, 27 қаңтар күні 5—8 сыныптар және 28 қаңтар күні 9-11 сыныптарда жалпы сыныптық ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде 1. ІІ тоқсанның оқу үлгерімі; 2. Оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы; 3. Әртүрлі мәселелер қаралды. Қашықтан өткізілген ата-аналар жиналысын жоғары деңгейде өткізген сынып жетекшілерге алғысымызды білдіреміз. @edu.almaty @almaty_mektepteri 
Ата-аналар жиналысы
17
сентябрь
2021
Ата-аналар жиналысы
17 қыркүйек күні №72 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сыныптар арасында қашықтан ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:  1. Оқу жылының басталуы туралы жаңа мақсат-міндеттермен танысу.  2. Мектептің ережесімен таныстыру.  3. Кіріс бақылаулардың нәтижесін талдау.  4. Оқушылар ережесімен таныстыру.  5. "Үлгілі ата-ана" тренинг.  Zoom платформасында ұйымдастырылған ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде өтіп, ата-аналар көкейдегі сауалдарына жауаптарын алды.
Әкем, Анам және Мен
15
сентябрь
2021
Әкем, Анам және Мен
15 қыркүйек күні мектебіміздің спорт залында Халықаралық Отбасы күніне орай 5 сыныптар арасында "Әкем, Анам және Мен" атты спорттық эстафеталық сайыс болып өтті. Аталған сайысқа 5 "А" сыныбынан "Шаңырақ" және 5 "Б" сыныбынан "Қыран" тобы қатысып, оқушылар және олардың ата-аналары өзара бақ сынасты. Эстафеталық сайысты жоғары деңгейде ұйымдастырған мектебіміздің тәрбие бөлімі мен дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне және қатысқан сыныптардың жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.
ЖАҚСЫЛЫҚ—ЖАННЫҢ ШУАҒЫ.
18
август
2021
ЖАҚСЫЛЫҚ—ЖАННЫҢ ШУАҒЫ.
ЖАҚСЫЛЫҚ—ЖАННЫҢ ШУАҒЫ. 2021 жылдың жаңа оқу жылынан бастап оқуға даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қолдау көрсету мақсатында "Мектепке жол" атты жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы жүргізілуде. Әрбір бүлдіршіннің мектепке барар жолы қуаныштан басталып, жарқын болашаққа қадам басуына еліміздің кез келген азаматы ат салыса алады .  #мектепкежол  #қайырымдылық
Хабарландыру!  Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына!
29
июнь
2021
Хабарландыру! Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына!
📢Хабарландыру!  Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына!  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімінің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 1 тамызда аяқталатынын естеріңізге саламыз.  Толығырақ мәліметтерді +7 (727) 302 32 35 (қабылдау бөлімі) нөмірінен біле аласыздар!
5-11 сыныптарға жалпы республикалық бірыңғай ата-аналар жиналысы болып өтті
22
май
2021
5-11 сыныптарға жалпы республикалық бірыңғай ата-аналар жиналысы
22 мамыр күні №72 жалпы білім беретін мектепте 5-11 сыныптарға жалпы республикалық бірыңғай ата-аналар жиналысы болып өтті. Қашықтан өткізілген жиналыста оқу жылының қорытындысы және атқарылған тәрбие жұмыстарының қорытындысы, ағымдағы хабарландырулар айтылды.
1-4 сыныптарға ата-аналарға жиналысы болып өтті
22
май
2021
1-4 сыныптарға ата-аналарға жиналысы болып өтті
22 мамыр күні №72 жалпы білім беретін мектепте 1-4 сыныптарға жалпы республикалық бірыңғай ата-аналар жиналысы болып өтті. Қашықтан өткізілген жиналыста оқу жылының қорытындысы және атқарылған тәрбие жұмыстарының қорытындысы, ағымдағы хабарландырулар айтылды.
"Nur Otan" партиясының Әуезов аудандық филиалында кезектен тыс 31-ші конференциясы болып өтті.
28
апрель
2021
"Nur Otan" партиясының Әуезов аудандық филиалында кезектен тыс 31-ші
27 сәуір күні "Nur Otan" партиясының Әуезов аудандық филиалында кезектен тыс 31-ші конференциясы болып өтті. Конференция барысында 2019-2020 жылдың саяси кеңес бюросының есебі қаралды. Сондай-ақ саяси кеңес бюросының жаңа мүшелері қабылданды. Кезектен тыс конференцияға делагат болып мектебіміздің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сайдағали Демежан Серікбосынұлы қатысты.
Оқушы жетістігі
25
апрель
2021
Оқушы жетістігі
Мектебіміздің жас әншісі, 5 "А" сынып оқушысы Бостан Нұрболат "Qazaq uly" тобының мүшесі. Аталған трио кеше ғана өткен Республикалық ән конкурсында 1 орынды иеленді және екі бейне баянға жолдама алды. Жуырда "7 TV" арнасынан көре аласыздар. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі
14
апрель
2021
Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі
Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі 1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр. Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады: 🔻Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар); 🔻Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 🔻«Бала денсаулығы паспорты»; 🔻3х4
Ата-аналардың және  мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына!
29
март
2021
Ата-аналардың және мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына!
Ата-аналардың және мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына! Алматы қаласының Білім басқармасы білім саласына қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен тікелей байланысуға болатынын хабарлайды.  Вниманию родителей и представителей заинтересованных организаций! Управление образования города Алматы сообщает, что по всем интересующим вопросам, касающимся сферы образования, можно обращаться непосредственно к руководителям районных отделов
СЫҢҒЫРЛА ҚОҢЫРАУ
04
март
2021
СЫҢҒЫРЛА ҚОҢЫРАУ
Бүгін онлайн оқудан штаттық режимге көшіп, алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларынын 11 сынып оқушылары құрметпен қарсы алды.
📢ХАБАРЛАНДЫРУ!
03
март
2021
📢ХАБАРЛАНДЫРУ!
📢ХАБАРЛАНДЫРУ! Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 24 маусым 2020 жылғы №264 бұйрығындағы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес Бастауыш, негізі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамыз аралығында жүзеге асатынын естеріңізге саламыз.  Толығырақ