Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Емтиханға сеніммен барайық!
13
май
2021
Емтиханға сеніммен барайық!
Емтихан алдындағы қобалжуды жою мақсатында мектеп психологы Жолдасова Жадыра Мұратқызы  мектебіміздің 9 және 11 сынып оқушыларымен «Емтиханға сеніммен барайық!» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында оқушылар «Менің эмоциям» жаттығуын орындап, тест сұрақтарына жауап бере отырып қобалжудың деңгейін анықтап, стрестен шығудың жолдарымен танысты.
Емтиханға сеніммен барайық!
13
май
2021
Емтиханға сеніммен барайық!
Емтихан алдындағы қобалжуды жою мақсатында мектеп психологы Жолдасова Жадыра Мұратқызы  мектебіміздің 9 және 11 сынып оқушыларымен «Емтиханға сеніммен барайық!» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында оқушылар «Менің эмоциям» жаттығуын орындап, тест сұрақтарына жауап бере отырып қобалжудың деңгейін анықтап, стрестен шығудың жолдарымен танысты.
ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
12
май
2021
ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
"Izdenis" республикалық оқытушылар мен оқушылар порталының ұйымдастыруымен өткен Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай "ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ" патриоттық тақырыпта өткен республикалық байқаудың сурет номинациясы бойынша мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Нұржау Ақмерей І орынды, 9 "А" сынып оқушысы Ұзақ Әділ ІІ орынды және 3 "В" сынып оқушысы Бостан Мирас ІІІ орынды иеленді. Патриоттық тақырыпта сурет салу байқауына үздік шәкірттер дайындағаны үшін мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сулейменова
Ұстаз бен оқушы жетістігі
06
май
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
''Izdenis" Республикалық оқытушылар мен оқушылар порталының ұйымдастыруымен өткен Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық "Мағжан оқулары" байқауында "Жас толқын" номинациясы бойынша І орынды иеленген мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Есмухамбет Муслиманы шын жүректен құттықтаймыз. Аталған байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
Русский медвежонок—языкознание для всех
03
май
2021
Русский медвежонок—языкознание для всех
"Дарын" интеллектуалды орталығының ұйымдастыруымен өткен 3-11 сынып оқушылары арасында орыс тілінен "Русский медвежонок—языкознание для всех" атты Халықаралық конкурсында жүлделі орындарға ие болған мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз. Конкурсқа дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балмухамбетова Гульмира Кабулбековнаға алғысымызды білдіреміз.  #русскиймедвежонок  #конкурс #72мектеп
ЖАС МАТЕМАТИК—YOUNG MATHEMATICIAN
01
май
2021
ЖАС МАТЕМАТИК—YOUNG MATHEMATICIAN
"Білім шыңы" қоғамдық бірлестігінің және Президенттік "Жас Ұлан" жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен "ЖАС МАТЕМАТИК—YOUNG MATHEMATICIAN" І-ші Республикалық зияткерлік олимпиадасында мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Нұржау Ақмерей жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай келе, олимпиадаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Оспанова Гулжазира Динисламовнаға алғысымызды білдіреміз.
Оқушы жетістігі
30
апрель
2021
Оқушы жетістігі
29 сәуір күні қашықтан zoom платформасында қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен "Бір ел—бір тағдыр" тақырыбында шығарма сайысы болып өтті. 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жоспарланған сайысқа мектебіміздің 7-10 сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде  Бас  жүлде: Ибраева Аруна (7 "А"); І орын:  Әлқожа Алима (9 "А") және Айдынқызы Айгерім (10 "А"); ІІ орын:  Ибараева Амира (10 "Б") және Писамбаева Аружан (8 "А"); ІІІ орын:  Тұрғынбекова Тоғжан (9
Оқушы жетістігі
25
апрель
2021
Оқушы жетістігі
Мектебіміздің жас әншісі, 5 "А" сынып оқушысы Бостан Нұрболат "Qazaq uly" тобының мүшесі. Аталған трио кеше ғана өткен Республикалық ән конкурсында 1 орынды иеленді және екі бейне баянға жолдама алды. Жуырда "7 TV" арнасынан көре аласыздар. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушы жетістігі
24
март
2021
Оқушы жетістігі
Ұлыстың ұлы күні —Наурыз  мейрамына орай Ықылас атындағы халық аспаптар музейінде ұйымдастырылған "Топжарған" зияткерлік сайысында мектебіміздің 9 "А"  сынып оқушысы Реметова Шынар "Бас жүлдені" және Реметова Шырын жүлделі І орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, сайысқа дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлына алғысымызды білдіреміз.
Ұстаз бен оқушы жетістігі
23
март
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
"ІНЖУ-МАРЖАН" атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық дәстүрлі өнер байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша І орын жүлдегері, мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.
Оқушы жетістігі
18
март
2021
Оқушы жетістігі
Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайының @dvorec_almaty  ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық "Ақ мамам" атты ән байқауында мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Бостан Нұрболат жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, бұданда биік белестерді бағындырсын демекпіз.
Ұстаз бен оқушы жетістігі
17
март
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының @almatydaryny ұйымдастыруымен өткен "Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар" атты Мұқағали Мақатаев оқуларының І орын жеңімпазы мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған ұстазы, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.
Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі
16
март
2021
Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі
"Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт—секунд сайын жаңарған ақпарат заманы".  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.  Мемлекет басшысы "Қандай кітап оқып жатырсыз?" челлендж-эстефетасын бастап, оны барша Отандастарға, әсіресе жастарға жолдайтынын жеткізген болатын. Осы орайда мектебімізде мектеп кітапханашысы Нуркешова Фарида Махмутовнаның ұйымдастыруымен кітап көрмесі болып өтті. Онда Президент ұсынған кітаптар қойылды.