Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2026

Зерттеу сабағы

«Ынтымақ» тобының кезекті ағылшын тілінен зерттеу сабағы 2026 жылдың 20 ақпанында өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: “Parks around the world”.
Топ тренері: Несипакынова Ф.К. мүшелері: Байтасова А.М., Байділдаева М.Ә.
Зерттеу 6 «Б» сыныбында жүргізілді.
Зерттеу сұрағы: «Storytelling» әдісі арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалай дамытуға болады?
Мақсаты: «Storytelling» әдісі арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту және сабақтағы белсенділігін арттыру.
Сабақ барысында «Storytelling» әдісі қолданылды. Бұл әдіс арқылы оқушылар берілген тақырып бойынша өз ойларын еркін жеткізіп, әңгіме құрастыруға мүмкіндік алды. Олар өздерінің сөздік қорын пайдаланып, сөйлемдер құрастырып, шағын оқиғалар айтты.
Нәтижесінде, оқушылардың:
- сабаққа қызығушылығы артты; 
- белсенділігі жоғарылады; 
- ағылшын тілінде сөйлеу дағдылары жақсарды.