Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізілді.
03
февраль
2026

«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізілді.

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізілді. Тренинг барысында ата-аналар мен мұғалімдердің бала тәрбиесіндегі бірлескен жұмысының маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылар түрлі психологиялық жаттығулар мен пікір алмасу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін жағдайларды талқылады. Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы кеңестер алды.
Тренингтің мақсаты: ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесінде ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, балалардың тұлғалық дамуына қолайлы орта құруға бағыт беру.
Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарасын қалыптастырып, отбасы мен мектептің тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуіне ықпал етеді.

[video=|https://www.instagram.com/reel/DUTSQq4COK1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]