19
февраль
2026
Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына кездесу ұйымдастырылды


19 ақпан күні мектебімізде өткен тағылымды кездесу туралы беріледі.Аталған күні мектебімізде Алматы қаласындағы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің “Жауынгер” қоғамдық бірлестігі төрағасы, Мемлекеттік «Айбын» орденінің иегері, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы Байдаулет Құрманқожаұлы және ауған соғысының ардагері, бірлестіктің белсендісі, «За отвагу» медалінің иегері Жұмат Құдайбергенұлы оқушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қонақтар Ауған соғысы жылдарындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, Отан алдындағы борыш, патриоттық рух, ерлік пен елге адал қызмет етудің маңыздылығы туралы мазмұнды әңгіме жүргізді. Іс-шара оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтуға және тарихқа деген құрметін арттыруға бағытталды.