Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Әкелер мектебі», «Әке көрген оқ жонар. Аталарға тағзым, Жеңіс үшін рахмет!», «Ұлы Жеңіске 80 жыл» атты өткізілген іс-шара
20
февраль
2025

«Әкелер мектебі», «Әке көрген оқ жонар. Аталарға тағзым, Жеңіс үшін рахмет!», «Ұлы Жеңіске 80 жыл» атты өткізілген іс-шара

№72 жалпы білім беретін мектеп

«Әкелер мектебі», «Әке көрген оқ жонар. Аталарға тағзым, Жеңіс үшін рахмет!», «Ұлы Жеңіске 80 жыл»   атты өткізілген іс-шара анықтамасы.


20.02.2025 жылы “Ұлы Жеңіске 80 жыл” атты іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – тарихи маңызы зор Жеңіс күнін еске алу, соғыс ардагерлерінің ерлігін ұлықтау және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Іс-шара жүргізушісі қатысушыларды құттықтап, халқымыздың батырлық жолы туралы өлең шумақтарын оқыды. Шара барысында Мемлекеттік гимн орындалып, майдангерлер рухына 1 минут үнсіздік жарияланды. Сонымен қатар, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 

Бағдарлама барысында Алматы қаласы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері арнайы жаттығуларын көрсетті. Сондай-ақ, қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, әр топ өздерін таныстырып, тарихи даталар бойынша білімдерін ортаға салды. 




Шараны әсерлі ету мақсатында “Отан” әні орындалып, “Менің әкем, менің батырым” атты бейнежазба көрсетілді. Оқушылар мен әкелер арасында әскери дағдыларға байланысты жарыстар ұйымдастырылып, “Әке кеңесі” айдарында әкелер өмірден алған маңызды кеңестерін ортаға салды. Сондай-ақ, ерекше бөлім ретінде “Жаға тігу” және “Баланың үні” ойындары өтті, бұл ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды. Әкелер балаларына хат жазып, оны көгершінге салып, бейбітшілік пен болашаққа деген сенімін білдірді. Іс-шара “Мен қазақпын” әнімен қорытындыланды. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, мектеп пен отбасы сабақтастығын нығайтуға қосқан үлестерін жоғары бағалады.

     Қорытындылай келе, бұл іс-шара жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты.