Материалы за Май 2021 года » Страница 2 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Май 2021 года » Страница 2
Оқушы жетістігі
11
май
2021
Оқушы жетістігі
Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай назарларыңызға мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы, жас суретші Ұзақ Әділдің мерекеге орай салған суретін ұсынамыз. Әділге сан бояудың сырын ашқан хас суретші болып, биік белестерді бағындырсын демекпіз.
Жігіт сұлтаны—2021
07
май
2021
Жігіт сұлтаны—2021
4 мамыр күні мектебімізде қашықтан "7 мамыр—Отан қорғаушылар күні" және "9 мамыр — Жеңіс күні" мерекесіне орай 7-9 сыныптардың жігіттері арасында "Жігіт сұлтаны—2021" байқауы болып өтті. Байқаудың нәтижесі бойынша "Бас жүлдені" 8 "А" сынып оқушысы Монтайұлы Ақжан иеленсе, жүлделі І орын 9 "А" сынып оқушысы Ұзақ Әділге бұйырды. ІІ орынды 8 "Б" сынып оқушысы Есімхан Арнұр қанжығасына байласа, жүлделі ІІІ орынды 8 "А" сынып оқушысы Сағымбек Айбын, 7 "Б" сынып оқушысы Бауыржан Ерден және 7 "А"
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ 🎖
07
май
2021
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ 🎖
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ 🎖 Ұлы Отан соғысындағы даңқты Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай мектебіміздің кәсіподақ комитетінің төрайымы Балмухамбетова Гульмира Кабулбековна және бастауыш сынып мұғалімдері ауданымызда тұратын 99 жастағы майдангер, Ұлы Отан соғысының ардагері Мурзахметов Қабдрауш Алимгиреевичті құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Қабдрауш ата— соғыс жылдарында 100-ші атқыштар дивизиясында болып, қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметовамен бірге соғысқан. Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан барша
Ұстаз бен оқушы жетістігі
06
май
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
''Izdenis" Республикалық оқытушылар мен оқушылар порталының ұйымдастыруымен өткен Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық "Мағжан оқулары" байқауында "Жас толқын" номинациясы бойынша І орынды иеленген мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Есмухамбет Муслиманы шын жүректен құттықтаймыз. Аталған байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
06
май
2021
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.  Мектебімізде өткізілген "Үздік жас маман—2021" байқауының Бас жүлде иегері, мектеп дефектологы Тұрсұмұрат Әлия Нұрланқызының видео таныстырылымын және 4 "В"  сыныбымен өткізілген "Зейін, есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығу тапсырмалары" тақырыбындағы ашық сабағын назарларыңызға ұсынамыз.  #жасмаман #72мектеп
"Ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран"
06
май
2021
"Ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран"
6 мамыр күні алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Енсебаев Бакытжан Ксенович пен 10 «А» сынып жетекшісі Сағындық Айжан Оралбекқызының ұйымдастыруымен "Ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран" тақырыбында Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісінің 76 жылдығына орай бейнебаян жасады. Аталған бейне көрсетілімді 6 мамыр күні 1-11 сыныптарда бірінші сабақта оқушыларға көрсетілді. Мұндағы мақсат: Ұлы Жеңіс үшін жанын берген ата-баба ерліктерін насихаттау болып табылады.
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
05
май
2021
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.  Мектебімізде өткізілген "Үздік жас маман—2021" байқауының І орын иегері, бастауыш сынып мұғалімі Мағурпбай Арайлым Ниязқызының видео таныстырылымын және 2 "Б"  сыныбымен өткізілген математика пәнінен "Өткенді бекіту" тақырыбындағы ашық сабағын назарларыңызға ұсынамыз.  #жасмаман #72мектеп
Оқуға құштар мектеп—Читающая школа
05
май
2021
Оқуға құштар мектеп—Читающая школа
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында "Оқуға құштар мектеп—Читающая школа" жобасы мектебімізде де жалғасын тапты. Жобаның мақсаты: көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру. Осы орайда назарларыңызға мектеп кітапханасының кішкентай оқырмандары, мектебіміздің 4 "А" сынып оқушыларының видеокөрсетілімін ұсынамыз.
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
04
май
2021
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.  Мектебімізде өткізілген "Үздік жас маман—2021" байқауының ІІІ орын иегері, информатика пәнінің мұғалімі Қаржау Ақгүл Бейбітқызының видео таныстырылымын және 4 "Б"  сыныбымен өткізілген "Электронды поштамен файлдарды қабылдау" тақырыбындағы ашық сабағын назарларыңызға ұсынамыз.  #жасмаман #72мектеп
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
04
май
2021
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.
БҮГІНГІ ЖАС МАМАН—ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАН.  Мектебімізде өткізілген "Үздік жас маман—2021" байқауының ІІ орын иегері, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Қазбек Ардақ Сәкенқызының видео таныстырылымын және 2 "А"  сыныбымен өткізілген "Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз" тақырыбындағы ашық сабағын назарларыңызға ұсынамыз.  #жасмаман #72мектеп
Русский медвежонок—языкознание для всех
03
май
2021
Русский медвежонок—языкознание для всех
"Дарын" интеллектуалды орталығының ұйымдастыруымен өткен 3-11 сынып оқушылары арасында орыс тілінен "Русский медвежонок—языкознание для всех" атты Халықаралық конкурсында жүлделі орындарға ие болған мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз. Конкурсқа дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балмухамбетова Гульмира Кабулбековнаға алғысымызды білдіреміз.  #русскиймедвежонок  #конкурс #72мектеп
ЖАС МАТЕМАТИК—YOUNG MATHEMATICIAN
01
май
2021
ЖАС МАТЕМАТИК—YOUNG MATHEMATICIAN
"Білім шыңы" қоғамдық бірлестігінің және Президенттік "Жас Ұлан" жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен "ЖАС МАТЕМАТИК—YOUNG MATHEMATICIAN" І-ші Республикалық зияткерлік олимпиадасында мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Нұржау Ақмерей жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай келе, олимпиадаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Оспанова Гулжазира Динисламовнаға алғысымызды білдіреміз.
Назад 1 2 Вперед